ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ ҚАШАН ЕККЕН ДҰРЫС?
Америкалық дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинаны тұмау маусымы басталмай тұрып еккен дұрыс екенін, бірақ тұмауға қарсы егілу ешқашан кеш болмайтынын айтты. Бұл туралы ria.ru сайтында хабарланды.
Adventist HealthCare Urgent Care-дің бас дәрігері, отбасылық медицина саласының маманы Амра Насир тұмау маусымы қазан айынан сәуір айына дейін жалғасатынын айтты.
«Негізінде вакцина тұмау маусымы басталмай тұрып екі апта бұрын, яғни қыркүйек айында егілуі керек. Өйткені ағза вирусқа қарсы иммунитет қалыптастыру үшін екі апта керек. Дегенмен, уақыт өтіп кеткен болса да, тұмауға қарсы екпе салдырған дұрыс. Бұл жағдайда ешқашан кеш емес екенін айту өте орынды», – дейді АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілі Скотт Поли.
«Егер мұрныңыздан су ағып тұрса, дене қызуыңыз болмай, тыныс алу жолдарыңызда ешқандай қауіптенетіндей жағдай болмаса, екпе салдыра беруге болады. Егер дене қызуыңыз жоғары болса, дәрігермен ақылдасып, вакцина салдыруды кейінге қалдырған дұрыс», – дейді дәрігер.
АҚШ-та 6 айлық сәбиден бастап барлық жастағы тұрғындарға тұмауға қарсы екпе алу ұсынылады.
«Тұмауға қарсы екпе 65 және одан жоғары жастағы адамдар үшін өте маңызды. Осы жаста тұмау асқынып, арты жаман болуы мүмкін», – дейді маман.
Дәрігерлер тұмауға қарсы екпе аурудан қорғайтынына 100% кепілдік бермейді, дегенмен екпе алған жөн.
«Вакцина адамды аурудан қорғауына қатысты екі фактор маңызды рөл атқарады: адамның денсаулығы мен ғұмыр жасы және вакцинадағы вирустың тұмау вирусымен сәйкес келуі және ұқсас болуы», – деп түсіндірді Поли.
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу