ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Бүгін депутат Лилия Хайруллинаның төрайымдық етуімен өткен Орал қалалық мәслихатының 35-кезектен тыс сессиясында 2019 жылға арналған қала бюджеті 56 727,1 млн. теңгеге нақтыланды. Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова мәлімдеді.
Сессияның күн тәртібіне сай баяндама жасаған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Мұхитқызы 2019 жылға арналған Орал қаласының бюджетін 5 457,3 млн.теңгеге ұлғайту жағына нақтылауды ұсынды. Бөлім басшысының баяндауынша, республикалық бюджеттен – 652,1 млн.теңге, ұлттық қордың қаражатынан – 472,9 млн.теңге, облыстық бюджеттен – 3 560,4 млн.теңге, қала бюджетінің кірістері – 771,9 млн.теңге қаражат бөлінген. Республикалық бюджеттен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына еңбекақыны арттыруға бөлінген трансферттер сомасы нақтыланған. 10,9 млн.теңге қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі тік жоспарлау, кварталішілік өту жолдарын салу, су бұру, жарықтандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталады. Ұлттық қор қаражатынан халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде жұмыссыздарды кәсіптік оқытумен қосымша қамтуға көзделген. Ал облыстық трансферттер 8 тұрғын үйдің құрылысын жалғастыруға – 3 239,8 млн.теңге (Зачаганск кентінде – 5 үй, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде – 3 үй), 100,0 млн.теңге «Ақжайық» шағын ауданын электрмен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруға, 238,9 млн.теңге оқулықтар сатып алуға, 101,4 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, сондай-ақ қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруға – 50,0 млн.теңге қарастырылған. Қалалық бюджеттің есебінен жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарының аяқталуына, оларды сараптамадан өткізуге – 32,2 млн.теңге, 30 млн. теңге жолаушылар тасымалын субсидиялауға, 94,4 млн.теңге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көпір шаруашылығын және көше жарығын ұстауға – 225,0 млн.теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңғырту бағдарламасы бойынша 111,5 млн.теңгеге 4 тұрғын үйді жөндеуге, білім беру объектілерінің ағымдағы шығындары – 133,3 млн.теңге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамтамасыз етуге (гигиеналық құралдар, материалдық көмек төлеу) 61,8 млн.теңге, 10,0 млн.теңге сомасында спорттық іс-шараларды өткізуге, 11,2 млн.теңге сомаға ветеринариялық қауіпсіздік бойынша іс-шараларға, жергілікті атқарушы органның резервін толықтыру және ЖАО борышына қызмет көрсетуге – 229,5 млн.теңге бағытталып отыр. Бұдан басқа, Зачаганск кентіне 30,6 млн.теңгеге санитарияны қамтамасыз етуге және Круглоозерный кентіне 15,3 млн.теңгеге кент көшелерін жарықтандыруға және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге трансферттер қарастырылған. Аталған өзгерістерді ескере отырып, қалалық бюджет 56 727,1 млн.теңгені құрайды.
Сессия барысында қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылып, қала әкімдігі мүшелері мен дербес құрамы бекітілді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу