ТҰРАРБЕК ТІЛЕМІСОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

– Ауылдан түлеп ұшқан түлектер болып туған жеріміз Жалпақталға футбол алаңын салып бердік. Бұл мақсатқа 10 миллиондай қаражат жұмсалды. Биыл самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіковке пәтер сыйладық. Сондай-ақ өзім басшылық ететін мекеме атынан да, қалалық мәслихат депутаты ретінде де қайырымдылық акцияларынан тыс қалған емеспін. «Қамқорлық» акциясы шеңберінде 62 жанұяға азық-түлік, киім-кешек жағынан көмек қолын создым. Мектепке жол акциясы аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 198 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешектер әпердім. Өз округіме қарасты Желаев ауылының қақ ортасынан балалар алаңқайын ашқан едім. Қазір алаңқайдың балғындардың шат күлкісімен шырайы кіріп тұр. Сондай-ақ ауыл ішіндегі ескі зиратты сым темірмен қоршадық. Округтегі Ремзауыт ауданына қарасты жергілікті тұрғындар «Шанхай» атап кеткен аудандағы қоқыс мәселесі талай мәрте көтерген болатын. Округ тұрғындары балалардың сабаққа тау-төбе болып шоғырланған қоқысты кесіп өтіп, қатынап жүргенін айтып, тікелей көмек сұрап келген. Бұл мәселе де шешімін тапты. Күні бүгінде аталмыш аудан электр шамдарымен толық жарықтандырылды. Сол секілді шаһардың тазалығына бейжай қарамай, сенбіліктер кезінде мекеме тарапынан арнайы көліктер шығарып, қала тазалығына атсалысып келеміз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу