БАҚЫТТЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ – ДЕНСАУЛЫҚТА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы спорт шарасын қолдауға байланысты бейнеүндеу жолдаған болатын. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция отандық танымал спортшылардың, еліміздің мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу арқылы қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға ынталандыру мақсатынан туындаған болатын.
Спортпен шұғылдану, жаттығу жасау – саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналатыны сөзсіз. «Денсаулығы мықты адам ғана бақытты өмір сүріп, биік мақсатқа қол жеткізе алады. Бүкіл адамзатқа белгілі қағида – байлық та емес, мансап та емес. Бақыттың 90 пайызы денсаулықта жатыр. Әрбір азамат «шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы берік ұстанғаны абзал», – деп атап өткен болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған орайда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Салауатты өмір үшін» атты көпшілік сауықтыру шарасы тағы да жалғасын тапты. Аталмыш спорттық шараны университетіміздің ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы ашып, барлық қатысушыларға алғысын білдірсе, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен спортпен тұрақты түрде шұғылданудың маңыздылығын жеткізіп, сәттілік тіледі. Шараға «Jas Otan» қызметкерлері мен университетіміздің студенттері белсенді қатысты.
Дені сау, әрі белсенді адамдар ғана, соның ішінде жастарымыз елімізді алға жетелейтіні анық. Осы орайда, университетімізде жаңа оқу жылы және Қала күні мерекесі қарсаңында оқу орнының бас ғимараты аумағынан студенттерге арналған 920 шаршы метрді қамтыған жаңа спорттық алаң пайдалануға берілген болатын. Бұл да студенттерімізге бос уақытында спортпен айналысу, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру, демалуға шақыру, спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың қатарын көбейту, саламатты өмір салтын ұстануға бағыттауға жол ашары айқын.
Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу