ҚАРИЯЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ
1 қазан – халықаралық қарттар күніне орай, Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешіті және мешіт жанынан құрылған «Берекелі жамағат» еріктілер тобының бірлесуімен қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Облавка ауылдарында болып, аз қамтылған, көпбалалы, жалғызбасты қарияларға, яғни 15 отбасыға азық-түлікпен көмектесті. Қайырымдылық шарасына қатысқан мешіт имамдары игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады дейді.

Ислам діні жағдайы бар азаматтарды қоғамдағы әртүрлі тағдырымен қайырымдылыққа мұқтаж болған кісілерге, қоғам мүшелеріне көмектесуге, қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақырады. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Өзі тоқ жатып, көршісі аш жатқан адам бізден емес», – деген. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің бірқатар аяттары да жұртқа садақа беруге, көмектесуге, қол ұшын созуға, тамақтандыруға шақырады». Осылай деген Бөрлі аудандық, Ақсай қалалық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов мешіттің ұйымдастырып отырған бұл қайырымдылығы осы өсиеттердің аясында екенін жеткізді. Айта кетейік, «Берекелі жамағат» еріктілер тобы 2019 жылдың наурыз айында құрылған. Күні бүгінге дейін еріктілер тобының қолдауымен аудан бойынша 300-ден астам қайырымдылық сөмкесі таратылса, 600-ден астам адамға көмек көрсетілген.
Үміт ЖӘҢГІРОВА, Бөрлі ауданы

Соңғы жаңалықтар
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС

Кіру
Пікір үстеу