БІР САҒАТТА ҮШ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Кеше кешкі сағат 21.00 мен 22.00 аралығында БҚО-да үш жол көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам бақилық болды. Бұл туралы БҚО ПД-де өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді. Жол көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – жылдамдықты шектен тыс асыру болып отыр.

Нақтырақ тоқталып өтсек, екі қайғылы оқиға облыстық маңызы бар тас жолда орын алса, біреуі бас шаһардағы көшелердің бірінде тіркелді. «Орал- Озинки» тас жолы бағытының 18 шақырымында жолдан шығып, бірнеше рет аударылған Гольф көлігінің 1976 -шы жылғы жүргізушісі алған жарақаттарының салдарынан ажал құшты. Оның Бәйтерек ауданының тумасы екені анықталды. Сарыөмір бағытындағы жолда Ваз 21/99 көлігінің жүргізушісі трактормен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмған. Айта кету қажет, қос азамат та көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Ал бас шаһардағы оқиғаны сала мамандары былай мәлімдеді. – Оқиға Зашаған кентіндегі Брусиловский көшесі мен Орал-Озинки тас жолының қиылысында болды. 23 жасар азамат белгіленбеген жол қиылысынан өтіп бара жатқан 50-55 жастағы азаматты қағып кетті. Ол жедел-жәрдем қызметі келгенге дейін қаза тапты. Ал көлік тізгіндеушінің үстінен бүгінгі таңда ҚР ҚК 345/3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Кенжебек Қоспаев. Брифингте полицейлер Орал қаласындағы жиі жол-көлік оқиғасы болатын аудандарды атап өтті. Мәселен, Жәңгір хан көшесі бойындағы Жазира және №20 мектеп аудандарындағы жолдар тұрғындар үшін қауіпті саналады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу