216 ПӘТЕР ИЕСІН ТАПТЫ
Еліміздің даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі – қолайлы баспанамен қамту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл игілікті істер Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Соның жарқын көрінісі – бүгін Зашаған кентінен тоғызқабатты зәулім үйдің пайдалануға берілуі. Облыс әкімі Ғали Есқалиев, қала әкімі Абат Шыныбеков «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптен күткен баспаналарына қол жеткізген отбасылардың қуанышын бірге бөлісті.

– Құрметті жерлестер! Бүгін міне, қуанышты сәттердің бірі – Елбасымыздың бастамасымен басталған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 216 пәтерлік тұрғын үй сіздердің игіліктеріңізге пайдалануға беріліп отыр. Бұл 216 пәтердің 72-сі көпбалалы аналарға, 29-ы ата-анасынан айырылған жетім балаларға, қалғаны әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға берілуде. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз ырыс-берекеге толсын. Әсіресе, осы тұрғын үйдің құрылысын сапалы әрі уақытылы жүргізген «Альтаир» құрылыс фирмасына алғыс білдіремін, – деген облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы жаңа пәтерлердің кілттерін қожайындарына салтанатты түрде табыс етті. Бұдан соң өңір басшысы пәтерлерді аралап, жаңа қоныс иелеріне «құтты болсын» айтты.
Баспанаға қол жеткізген бақытты жандардың бірі – Бақытнұр Медетова. – 2003 жылдың мамыр айында үй кезегіне тіркелдік. Өте қуаныштымыз, біз үшін күтпеген жаңалық болды. Қызым мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, ерекше күтімді қажет ететін. Бұл аудан тыныш, қызыма да өте ыңғайлы. Сенбі күні қоңырау шалып, үй алатынымызды айтқанда, алғашында сенбедік. Әлі күнге сене алар емеспіз. 2000 жылдары Сырым ауданынан көшіп келдік. Бұған дейін Автопарк ауданында бір бөлмелі жатақханада тұрдық. Жағдайымызды ойлап жатқан Елбасымызға, облыс, қала басшыларына алғысым шексіз, – дейді Бақытнұрдың анасы Балқия Медетова.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Альтаир» ЖШС-ның құрылыс жұмыстары жөніндегі директоры Нұрлан Қуанғалиевтың айтуынша, мердігерлік компания бұл үйдің құрылысын өткен жылдың көктем айларында бастаған. Тоғыз қабатты тұрғын үйде төрт кіре беріс, 216 пәтер бар. 77 пәтер екі бөлмелі, қалғаны бір бөлмелі. Тұрғын үй толық абаттандырылған. Су, электр желісі тартылған. Әр подъезде заманауи кең лифтілер жұмыс істеп тұр. Жоба құны – бір млрд. 600 мың теңгені құрайды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу