ҰСТАЗДАРЫМ, БИІК ТҰЛҒА БАЙСАЛДЫ
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Көпшілігіміздің осы әннің алғашқы шумағын оқи сала, бойымызды ұстазымызға деген ерекше жылулық билеп, әуенімен қосыла айта кететініміз жасырын емес.

Мен талантты ақын, прозаик, сатираның саңлағы болған А.Тоқмағанбетов атындағы 135 орта мектептің 2015 жылғы түлегімін. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсем де, білім теңізіне жетелеген ұстаздарым мен балалық шағымның талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұямды әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырамын. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күнім де ерекше оқиғамен есте қалған. Қоңырау уақытысы болса керек, бәрімізде бір-бір үйдің жалғызы, еркесі, ойын баласы болдық. Ойнап жүріп Рахман есімді сыныптасыммен кішкентай шелпек нанға (коржик) таласып құлап, сынып мұғалімімізбен көзім көгеріп суретке түскенім күні кешегідей көз алдымда. Алғаш Әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды түсінуге түрткі болып, адамгершілікке баулыған алғашқы ұстазым Назнуш Әбибуллаева апайымның менің өмірімде орны алабөтен. Ғаламда білімнен мәнді, бағалы нәрсе жоқ. Шәкірттің сөзі маржан, үні ән болған ұстазына алғысы көп. Осы орайда мектеп директоры Қалихан Омаров, Жанар Қойшыбаева, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гүлнәр Тәжімұратова,математика пәні мұғалімі Шолпан Райымбекова, сынып жетекшім Қаламқас Ұзақбаева мен Қалдыгүл Әлжанова, мектеп психологы Шынар секілді ағайларым мен апайларыма шәкірттік ықыласымды білдіргім келеді. Сондай-ақ бізді түрлі іс-шараларға қатыстырып, барлық жағынан шыңдаған Айгүл Әлиакбарова апайдың біз үшін жасаған еңбегі өлшеусіз еді. Қашан да мерейлеріңіз үстем болсын. Кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегендеріңіз үшін мен сіздерге әрқашан қарыздармын. Алаштың күн келбетті көркем ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» деп тегін айтпаса керек. Шәкіртім деп атырған таңдарыңыз үшін, үміт артып сенгендеріңіз мың алғыс сіздерге, аяулы Ұстаздарым!
Гүлзат ҚАНИБАЕВА, А.Тоқмағанбетов атындағы 135 орта мектебінің 2015 жылғы түлегі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу