ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Таяуда қаламызда ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Бас жүлдесі үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығында дәстүрге айналған өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдері арасында әскери оркестрлердің «Әскери керней» фестивалі өтті.
Астана қаласының 20 жылдығына арналған байқаудың басты мақсаты – әскери бөлімдер жанындағы үрмелі аспаптар оркестрлерінің кәсіби деңгейлерін арттыру. Шараға еліміздің батыс аймағы – Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларындағы бөлімшелердің үрмелі оркестр ұжымы қатысты.
Отансүйгіштік пен ұрпақтар сабақтастығы рухында өрілген плац-концертті қала тұрғындарымен қатар қонақтар да тамашалап, әскерилердің өнеріне тәнті болып, бірқатары оркестрлермен қосылып ән шырқады.

Оралдықтарға ерекше көңіл-күй сыйлаған байқау қорытындысында біздің жерлестеріміз, яғни шаһардағы 55/17 әскери бөлімі оркестрі бас жүлдені жеңіп алды. Айта кетейік, 1995 жылы құрылған аталмыш оркестр бұл байқауға 2012 жылдан бері қатысып келеді. Құр қатысып қана қоймай үнемі жүлдемен оралып облыс намысын қорғап жүр. Биыл да жеңіс туын желбіреткені біз үшін қуанышты жәйт.
Жеңімпаз деп танылған 55/17 әскери бөлімі оркестрінің ұжымы енді маусым айында Астана қаласында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Бас жүлдесі үшін өтетін Халықаралық «Әскери керней» фестивалінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.
Өздерінің керемет туындыларымен көпшілікті тәнті еткен Ақтау қаласының оркестрі бірінші орынды қанжығаларына байласа, Атырау қаласының оркестрі де үздіктер қатарынан табылып, жүлделі екінші орынға ие болды. Сондай – ақ Ақтөбе қаласы үшінші орынды қанағат тұтты.
Айшабибі МӘМЕТ
Рауан ӨРЕКЕШОВ,

55/46 әскери бөлімі,
Атырау қаласы:
– «Әскери керней» фестивалінің тұрақты түрде ұйымдасырылып келе жатқандығына биыл 6 жыл толады. Атырау қаласындағы 55/46 әскери бөлімі оркестрі де биылғы шарада өз өнерлерін ортаға салды. Бұл фестивальдің маңызы өте зор. Әр аймақтан жеңімпаз деп танылған оркестр ұжымы Халықаралық байқауда бақ сынайды. Ол жерде Ресей, Қытай елдерінің де әскери оркестрлері өнерлерін жұртшылылыққа көрсетеді. Барлық ұжымға сәттілік тілеймін!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу