8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2019 1501 0
Қоғам

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІНЕ» ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

             ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Өқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Қайырымдылық керуені» ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталған. Бұл туралы сейсенбі күні  БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында  БҚО Іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Ғалия Сатыбалдина және БҚО ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Қалаубек Теміровтің қатысуымен өткен баспасөз мəслихатында мәлім болды.   

         

–        «Қайырымдылық керуені» ІІ Республикалық конкурсын ақпараттық қолдаушы – «КТК» телеарнасы. Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Биылғы жылғы 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері 2020 жылы ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады.
Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады. «Асар» аталымы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған, «Туған жер» аталымы білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі, «Мейірім жолында» аталымына ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады, ал «Батыл жүрек» аталымы ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады, «Қайырымдылық тарихы» аталымы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануынын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі, – дейді Ғалия Кәмшатқызы. БҚО ІСБ саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Қалаубек Баубекұлының айтуынша, осымен екінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған конкурс қоғамдағы өзекті мәселелерді қаузайды. – Мемлекет қай уақытта да азаматтық бастамаларды, соның ішінде адамгершілік құндылықтарды, гуманизм идеясын насихаттауды әрқашан қолдайды. Сондықтан конкурсты біз де  жан-жақты қолдауға әзірміз. Ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Өзінің жақсы идеясын ұсынып жүрген азаматтарды  көрсету қазіргі таңдағы көкейтесті мәселе, – дейді ол.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»