ТАСАДА ЖҮРГЕН ТАЛАНТТАР
Екі-үш ай бұрын Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы осындай атаумен жаңа жобаны қолға алғанын жариялаған болатын. Жоба шеңберінде жарқ етіп сахнаға шыға алмай жүрген өнерлі жандар Қадыр орталығына шақырылды. Үш ай бойы жүргізілген жоба шеңберінде іріктеуден өткендер 17 қыркүйек күні орталықта ұйымдастырылған гала концертте өнерлерін паш етті.

– Жоба түрлі салада тіршілік қамымен жүріп тасада қалған кейбір жерлестеріміз үшін қолға алынды. Ән, би, аспапта орындау немесе бейнелеу өнері саласынан көптеген таланттар жиналды. Осы жоба арқылы олардың жаңа тыныстарының ашылуларына мүмкіндік сыйласақ біздің мақсатымыздың орындалғаны, – дейді орталық директорының орынбасары Мәди Сабыр.
Кеш барысында жоба қатысушылары классикалық, эстрадалық жанрда ән айтты. Мың бұрала билегендер де, күмбірлетіп күй шерткендер де табылды. Сондай-ақ қылқалам шеберлерінің туындылары жұрт назарына ұсынылды. Мәселен, медицина саласында қызмет атқарып жүрген білікті дәрігер Нұрлан Байыров көпшілік алдында бір көрерменнің портретін салып таң қалдырды. Ал қоршаған ортаны қылқаламымен сөйлетіп жүрген Ғинаят Дауылбаев есімді өнері иесінің жеке сурет көрмесін алдағы уақытты Қадыр орталығы өткізіп бермек.
Қадыр ақынның орталығына жиналған көрермендер үшін бұл кеш түрлі тосынсыйларға толы болды. Жұртшылық ел ішіндегі дарындардың өнеріне ризашылықтарын қошеметтерімен білдірді. Сондай-ақ жоба қатысушылары орталық директоры Б.Халиолланың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.



Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу