8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қыркүйек 2019 1383 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ АПТА САЙЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев апта сайын азаматтарды жеке қабылдау өткізетін болды

Агенттікте азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмысқа ерекше назар аударылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған кезеңде азаматтардың жеке мәселелері бойынша 621 қабылдау өткізді.

Аумақтық департаменттер басшылығының өңірлерде көшпелі қабылдаулар өткізетіндігін жеке атап кету керек.

Төраға өтініштерді уақтылы қарау маңыздылығын ескере отырып, өзінің азаматтарды жеке қабылдауды аптай саыйн жүргізу, ал төрағаның орынбасарлары, құрылымдық және аумақтық бөлімшелер басшыларының күнделікті негізде қабылдауы туралы шешім шығарды.

Жұртшылықпен тікелей және кері байланыс үшін Call-орталық 1424 тұрақты түрде жұмыс жасауда, онда азаматтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіледі. «Электронды үкімет» порталында төрағаның жеке блогы, Агенттіктің және төрағаның, аумақтық департаменттер мен олардың басшыларының әлеуметтік желілердегі парақшалары, сондай-ақ төрағаның жеке электронды поштасы жұмыс істейді.

Өтініштерді қарау сапасы мәселесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттарының бірі ретінде танылып, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін құзыреті шегінде бар күш-жігерді жұмсай отырып, мәселелерді жедел әрі жан-жақты қарау басты қағидаттар болып табылады.

Осыған байланысты, Агенттікте өтініштерді қарау сапасын бақылауға Агенттік төрағасының көмекшісі бекітіліп, ал аумақтық департаменттерде тиісті бұйрықтармен жауапты тұлғалар айқындалды.

Бүгінгі күннен бастап Агенттік басшылығы «Ашық диалог» порталында онлайн режимінде азаматтарды қызықтыратын мәселелер бойынша ай сайын интернет-конференциялар өткізетін болады.

Сондай-ақ орталықта және жергілікті жерлерде ашықтық, кедергісіз қызметтер көрсету қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау үшін, бөлек орналасқан сервистік орталықтар салу жұмыстары жүргізілуде.

Осымен қатар, Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша құқықтық көмек көрсететін Азаматтарға консультациялар беру орталығын ашу мәселесі пысықталуда.

Осылайша, Агенттік ашықтық қағидаты тұрғысында жұмыс атқарады және азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимылға шақырады.

Агенттіктің байланыс мәліметтері ведомствоның ресми сайтында, «Ашық диалог» порталында орналастырылған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»