Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы интернет-конференция өткізеді
2019 жылдың 20 қыркүйек (жұма күні) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізілетін болады (https://www.facebook.com/events/2160470197585855/).
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады:
- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын туғызатын жағдайлар мен қатерлерді анықтау және зерттеу;
- құқықбұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, ашу және тергеу.
Келесі жобалар жүзеге асырылуда:
- «AQJAIYQ – ADALDYQ ALANY» азаматтарға қолайлы жағдай жасау және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою;
- «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» – кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және бизнеске заңсыз араласу фактілерінің алдын алу;
- «SANALY URPAQ», «ADAL URPAQ» – білім саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен парасаттылық атмосферасын қалыптастыру және т.б.
Пайдаланушылардың сұрақтарына Департамент басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап беретін болады.
Өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызды пікір ретінде қалдыра аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу