ЕРЛІК САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ
Əскери-патриоттық тəрбиені жүргізіп, оны мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау жəне жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі күннің талабы болып отыр. Осы орайда бүгін Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің жоғары сынып оқушыларына «Ерлік сабағы» өтті.

Сабақтың мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу жəне патриоттық сезімдерін ояту. Отанымыздың Қарулы Күштері туралы түсінік қалыптастыру.
Басқарманың жасақтау бөлімшесінің бастығы кіші сержан Қуаныш Амангелді Қорғаныс Министрлігіне қарасты жоғары əскери оқу орындары туралы түсінік берді. Сонымен қатар оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқитындарына сенім білдірді.
Оқушылар болашақта əскери болу үшін қандай талаптар қажет екені туралы сұрақтар қойды.
Ерлік сабағы қала мектептерінде жалғасын табады.
Жанар ҚАЙСАҒАЛИЕВА,
Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыс және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерімен жұмыс бөлімшесінің инспекторы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу