БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МӘМС ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУГЕ ДАЙЫН
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы Жолдауда берген тапсырмасы бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің жаңа үлгісі, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті әзірленді. Аталған пакеттер 2020 жылдың алғашқы күнінен-ақ күшіне енеді. Денсаулық сақтау саласын қорғау саласындағы жаңа жүйенің енгізілуі бойынша өңіріміздегі дайындық жұмыстары 23 тамыз күнгі кеңейтілген кеңесте жан-жақты талқыланды.

Дайындық шаралары әр аймақтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылуда. Ең бастысы мамандардың болуы, медициналық ұйымдардың заманауи құрылғылар мен ғаламтор желісіне қосылу дәрежесі маңызды. Республика бойынша компьютермен жабдықталған жұмыс орындары 96 пайыздық көрсеткішке ие. Батыс Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 100 пайыз. Ғаламторға қосылған медициналық ұйымдар 69,7 пайыз, ал БҚО бойынша – 68,9 пайыз болып отыр. Ақпараттық жүйеге қосылған өңірдегі жеке медициналық ұйымдардың үлесі 53,3 пайыз.
– Жол картасы бағдарламасына сәйкес елдімекендерді ғаламтор желісіне қамту қолға алынды. Ауылдық елдімекендегі 92 медициналық пунктке ғаламтор желісін тарту жоспарланған болса, қазіргі уақытта 60-ы ғаламторға қосылды. Қалғаны жыл соңына дейін орындалады, – деп сендірді облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева.
«МӘМС» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов атап өткендей, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің жаңа үлгісінің енуімен жалпы тәжірибедегі дәрігерлік учаскелердегі пациенттер 2200-ден 1700-ге дейін азайып, қызмет көрсету сапасы жақсарады деп күтіледі. Сонымен қатар әлеуметтік маңызды және созылмалы аурулар кезінде амбулаторлық дәрілермен қамту, жұқпайтын созылмалы аурулар кезінде толыққанды медициналық көмекке қолжетімділікі және сапалы медициналық көмек көрсету деңгейі артады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек деңгейін айтарлықтай жақсартады. Нақтырақ айтқанда, консультативтік-диагностикалық көмек, бейімдеу және қайта қалыпа келтіру үш есеге артады. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалар үшін профилактикалық тексерулер енгізіледі.
– Медициналық қызметтер үшін тарифтер 15 пайызға дейін көтеріліп, мамамндардың жалақысы артады. Халықтың медициналық қызметті алғаны үшін «қалта шығыны» азаяды деп күтілуде. 2020 жылы сақтандырылған бір азаматқа медициналық көмек көрсету биылғы жылдан 76 пайызға көбейіп, 92,2 мың теңге құрайды, – деп түсіндірді Е.Байжүнісов.
БҚО бойынша қаржыландыру деңгейінің ұлғайып келе жатқанын атап өту керек. Биылғы бекітілген бюджет 34,96 млрд. теңге болса, келер жылға 47,5 млрд. теңіге жоспарланған. Батысқазақстандықтардың 37,6 пайызы ақпараттанған. Бұл алдыңғы жылғыдан 3,4 пайызға жоғары.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Мұқановтың баяндауынша, МӘМС-тің енгізілуі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған өңірлік штаб мүшелері қала мен аудандарда биылғы жылдың өзінде 3 мыңнан аса кездесу өткізген. Медициналық ұйымдар 100 пайыз компьютермен жабдықталған. Емханаларға «Kazmed информ», электронды кезек және жедел жәрдем қызметін жандандыру бойынша үш түрлі ақпараттық бағдаралама енгізілді. Қазіргі уақытта Kazmed ақпараттық жүйесіне 35 мемлекеттік және 8 жеке медициналық мекеме қосылған. Электрондық кезек ақпараттық жүйесі қаладағы алты емханада бар.
МӘМС жүйесін енгізудегі маңызды жұмыстардың бірі бейресми жұмыспен қамтылған халықты МӘМС-ке қатысуға тарту. Бұл ретте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысының орынбасары Самат Хангереев баяндап, МӘМС жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталған 2017 жылы облыста мәртебесіз 191404 адамның бар екені анықталғанын мәлім етті. Сол уақыттан бері мобильді топтардың мекенжайлық жүргізген жұмыстары арқылы биылғы жылдың басына дейін 107 191-ның мәртебесі белсендіріліп, 96 695-і қалған болатын. Биыл да жұмыс жалғасты. Аталмыш басқарманың есебінше, енді 19 мыңдай адамның мәртебесін нақтылау қажет.
Жиында сөз алған әлеуметтік қордың облысымыздағы филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова МӘМС жүйесін енгізу сала қызметіне оң өзгерістер әкелетінін айтты. Алайда, қызмет көрсету сапасын жақсартуда дәрігерлерге жүктемені азайту маңызды. Сондықтан қосымша учаскелер ашу қажеттігін атады.
– Қазіргі уақытта бір жалпы тәжірибедегі дәрігердің жүктемесі – 1730 адамға келеді. Бұл нормативке сай емес. Жыл соңына дейін 23 учаске ашу жоспарланып отыр. Осылайша, учаскелер 381-ден 404-ке дейін жетеді. Әйткенмен, жаңа учаскелер ашу үшін кадр тапшылығы өзекті болып отыр. Осы орайда дәрігерлерді тарту мақсатымен денсаулық сақтау басқармасы емдеу мекемелерімен бірге еліміздегі бірнеше медициналық ЖОО болды. Жуық арада жалпы тәжірибедегі 69 маманның келуі күтілуде. Олардың 42-сі қалалық, 27-сі ауылдық емдеу мекемелеріне жолданады, – деді Нұржамал Шамғонқызы.
Кеңесте «МӘМС» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов жаңа жүйенің енгізілуі бойынша өзге өңірлердің басты проблемаларын атап, Батыс Қазақстан облысында жақсы жұмыстар жасалғанын және жүйені іске қосуға толық дайын екенін атады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу