АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
Орал қаласында Атаулы әлеуметтік көмек сәуір айынан бастап 3329 отбасыға тағайындалған. Мемлекет тарапынан берілетін көмек жұмыссыз немесе күнкөрісі төмен отбасыларға өз кәсіптерін ашып, дамытуға берілген зор мүмкіндік. Бұл бағдарлама азаматтарға өз кәсібін ашуға жағдай жасайды. Қазіргі таңда халыққа әлеуметтік көмекті алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қаржылай көмек алған халықтың қазір күнкөрісі жақсарып келеді. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, жағдайын жақсартып отырғандардың бірі – Айдана Ихсанова.

Көпбалалы ана Айдана Т ілекқабылқызының жасы 37-де. Өткен жылдың маусым айынан бастап шартты ақшалай атаулы әлеуметтік көмекке тағайындалып, айына 15959 теңге көлемінде қаражат алып келді. Айдана ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсын бітірді. «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру», «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 31 мамырында 252 500 теңгеге қайтарымсыз грант қаражатына қол жеткізіп, құс шаруашылығымен айналыса бастаған. Қазір төрт баланың анасы 125 үйрек, 50 қаз, 40 мулард құстарын өсіріп, бағуда. Айдана алдағы уақытта жеке кәсібін одан әрі дамытып, отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартқысы келеді.
– Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көріп отырғанымыз рас. Бұл бізге өте тиімді. Үйрек-қазды баптап, етке өткізбек ойым бар. Құстың күтімі мен басқа да ерекшеліктеріне қанықпын. Бұрыннан жеке кәсіп ашу ойымда болған еді. Бірақ қаражат таппай, қолымыз қысқарды. Көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек берілетінін естіп қуандым. Осы күнге дейін алатын болмашы тиын-тебеніміз біріне жетсе, біріне жетпейтін. Сөйтіп, қажетті құжаттарымызды жинап, көмек алуға асықтық. Расымен, атаулы көмекті алған соң жағдайымыз да едәуір жақсарды. Үй құстарының жемін, дәнін алып, жағдай жасап отырмыз. Алдағы уақытта да осы салада жұмыс істеп, тұрмысымды жақсартқым келеді. Бізге осындай өлшеусіз көмек көрсеткен Үкіметке алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана. Еңбекқор Айдананың тұңғышы 17-де болса, кенжесі – екі-ақ жаста. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ. Бірақ күйеуі де кез келген шаруаны атқарып, нәпақа тауып жүр.
– Айдана Тілекқабылқызы көпбалалы ана ретінде атаулы әлеуметтік көмекке ұсынылды. Бірақ ол ай сайынғы төленетін көмектен бас тартып, қайтарымсыз грант алуға бел буды. Сөйтіп отбасылық кәсібін бастап, тұрмысын жақсартуды көздеп отыр. Өзгеге алақан жая бермей, өмірін жақсарту әркімнің өз қолында екенін дәлелдеген Айданадай жандар өзгелерге үлгі, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев.
Гүлназым ЖАҚСЫЛЫҚ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу