Меритократия қағидаты жүзеге асуда: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ СӘТТІ ТӘЖІРИБЕСІ
Мемлекеттік қызметшілердің қызметі азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы тиіс. Азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді мемлекеттік қызметшілердің корпусын қалыптастыру жөніндегі міндет басым және бұл мемлекет басшысының «Баршаның игілігі! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» сайлауалды бағдарламасынан туындайды.

Кез келген реформаларды іске асыруда шағын және тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқарады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызмет елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу. Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі қазіргі заманғы жағдайларда тез және тиімді әрекет етуге қабілетті мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін, кәсібилігін және патриотизмін арттыруға ықпал етеді.
Қолданыстағы үлгі негізінде үміткерлер мемлекеттік қызметтегі өзінің кәсіби қызметін төменгі лауазымнан бастайды, ал олардың одан әрі ілгерілеуі тиісті саладағы еңбегі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, конкурстық және құзыреттері негізде жүзеге асырылады. Мансаптық ілгерілеу жеңілдетілген тәртіп бойынша ішкі конкурстар арқылы және қысқа мерзімде жүзеге асады. Бұл конкурстарға төмен тұрған лауазымдарда жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілер қатысады. Ең алдымен іріктеу мемлекеттік органның өзінде жүргізіледі. Тиісті үміткерлер болмаған жағдайда конкурс біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.
Батыс Қазақстан облысында 644 конкурс өткізіліп, конкурсқа 658 үміткер қатысқан. Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша 367 үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындауға ұсынылды, оның ішінде 62,1% мемлекеттік қызметші ішкі конкурс бойынша жоғары тұрған лауазымға жоғарлады. 60 астам мемлекеттік қызметші басқарушы лауазымға тағайындалды, ол барлық басқарушы лауазымға тағайындалғандардың 79,7% құрады.
Еңбек жолын төменгі тұрған лауазымнан бастап, қазіргі уақытта нақты басқарушы позицияларда қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің тәжірбиесін атап өтуге болады. Солардың бірі – Ержан Тұрмағамбетов мемлекеттік қызметке Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына орналасып, аппараттың бөлім басшысы, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарып, казіргі уақытта әкім лауазымында ауданды басқарып отыр, Әлібек Антазиев өз еңбек жолын бас маманнан бастап, облыстық басқарманың бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымында жалғастырып, қазіргі таңда құрылыс басқарма басшысы болып қызметін атқаруда.
Көпшілік жас мемлекеттік қызметшілерге Мусин Беймбеттің еңбек жолы үлгі бола алады, өзінің мемлекеттік қызметтегі жұмысын бас маман лауазымынан бастап, «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуды аяқтаған соң, конкурстық іріктеу арқылы бөлім басшысы лауазымына тағайындалған, қазіргі уақытта энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызметін атқаруда.
Қолданыстағы заңнамалармен кандидаттардың біліктілігін, құзыретін, қабілетін, еңбегін объективті бағалау үшін жағдай жасалған.
Конкурстық процедуралардың ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуде әңгімелесуге міндетті түрде техникалық жазба құралдардын қолдану мен әңгімелесуге қоғам өкілдерінен қатарынан байқаушылар шақырылатыны, сонымен қатар, әңгімелесу барысында үміткерлерге қосымша техникалық жазба құралдарын қолдану құқығы беріледі.
Венера Масимова, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік басқарма басшысы
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу