ОРАЛДАҒЫ ҚАСЫМ КӨШЕСІ ҚАШАН ЖӨНДЕЛЕДІ?
Жаз шыққан бойда атақты ақын атындағы Қасым Аманжолов көшесіне «жан» бітті. Әуелі Назарбаев даңғылымен қиылысып, Арбатқа көлденең жатқан банк ғимараттарынан бері қарай М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға дейінгі тұрғын үйлердің іргесіне тегістей асфальт жол төселді. Ұзыннан жатқан көшенің бойында жайқалып өсіп тұрған жасыл теректердің көбі кесілді. Ұзақ жылдардан жүрер жолдарына асфальт төселмеген көшелерін көрген тұрғындар бөріктерін аспанға атып қуанды. Сол кездегі облыс пен қала басшылығы да осы көшелерге ат басын бұрып, тексеріп кетті. Заманауи техникамен құлшына іске кіріскен мердігерлердің алған бағыты дұрыс еді. Сөйтіп, мамыр айларында Аманжолов бойында орналасқан жеке және көпқабатты үйлердің маңына асфальт төселіп, жаяу жүргіншілердің көңілін көншітті. Дегенмен, қуаныш ұзаққа бармады. Су сепкендей басылды. Қызу жұмыс кілт тоқтады. Сөзімізге күні кеше ғана түсірілген мына бір суреттер дәлел бола алады.








«Қаланың қақ ортасында тұрған көшенің сықпыты осы болса, қалған көшелер қандай күйде екен?!» «Қасым көшесін жөндеуді бастады да тастады. Мұның себебі неде?!» деген сансыз сауалмен тұрғындар да редакциямызға телефон шала бастады. Осы сұрақтарға жауап іздеп Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне телефон шалдық. Аталмыш бөлім басшысы Мержан Нұртазиев бұл іс тікелей қалалық автомобильдер жолдары бөліміне қарасты екенін алға тартты.
Сонымен, Орал қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Арыстанғалиевпен телефон арқылы сөйлесіп, төмендегідей жауап алдық:
– Қаладағы Аманжолов, Жүнісов, Самар және 8-март көшелерін жөндеуге мемлекеттік тапсырыс бойынша «Түркістан жол сервис» ЖШС жауап береді. Осы серіктестіктің басшысы Жандәулет деген азамат. 2017-2018 жылдары бұл серіктестік Сырым Датовтан Ружейников көшесіне дейінгі аралықты толығымен бітірді. Ұтып алған мердігердің қажетті құрал-жабдықтары, жұмысшылары жеткілікті. Деркөл жақта зауыттары да бар. Тапсырысты уақытылы әрі сапалы орындайды. Бұған дейін Жәңгір хан, Махамбет ақын, Ақтөбе, Тайманов көшелерін жөндеп, уақытылы тапсырды. Айтайын дегенім, дәл қазіргі таңда қаражатқа байланысты жұмыстың кідіріп тұрғаны рас. Жоба бойынша Жүнісов пен Аманжолов көшелерінің істен шыққан ескі асфальттарын кесіп алып тастауға тиіс. Бұрын мүлдем асфальт болмаған жерлерге тас төселеліп, жалғанады. Жалпы жұмыс жүрсе бәрі ойдағыдай аяқталады, – деді Ербол Арыстанғалиев.
Бұдан әрі біз «Түркістан жол сервис» ЖШС-на биыл осы аты аталған көшелерді жөндеу үшін қалалық бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін сұрап едік. Нақты жауап ала-алмадық. Жандәулетке де қоңырау соғып едік. Телефонын көтермеді.
ТҮЙІН: Сонымен, «Шырылдауық шегіртке. Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Жаздыкүнгі жапырақтың, Бірінде тамақ, бірінде үй. Жапырақ кетті, жаз кетті. Күз болған соң кетті күй» деп ұлы Абай қазақшалаған Крылавтың мысалы осындайда ойға дөп ете қалсын. Әттеген-ай десеңші?! Мамыражай мамыр айында әп-әсем басталып, кейін тоқтап қалған Аманжолов көшесінің бүгінгі сыйқы осындай! «Оралым менің, Оралым» деп жырлаған білдей ақынның көшесі баяғыдан күйі қашып тұрған еді. «Ешкі құсап сақал сұраймын деп мүйізінен әбден айырылды». Тамылжыған тамыздың да бітуіне бір апта қалды. Қыркүйегің бірде жаңбыр, бірде жел дейік. Күзде бұл жолдың жөнделіп, жөнделмесі неғайбыл. «Түркістан жол сервистен» Қасым Аманжолов көшесінің тұрғындары әлі де үмітті. Қаланың қақ ортасында тұрып өткен-кеткен көліктердің қызыл шаңына көміліп, бұрқырған топырағын үстерінен қағып, сонда да «Түркістан жолсервисінен» үмітін үзбеген бір жан…
М.ХАМЗАҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу