8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 2217 0
Өзек

ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛ ҚОРҒАУҒА МҰҚТАЖ

Биыл өңірде отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты 11 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдан екі есеге дейін жоғары. Жасалған қылмыстардың төртеуі әйелдерге қатысты болып отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған жандарға және сол шаңырақта өсіп жатқан балаларға әлеуметтік көмек көрсетуде қоғамның белсенділігі қажет. Бұл мәселе 23 шілде күні қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы «Отбасылық даулар мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы жиында қозғалды. Басқосуға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек және көмек көрсетудің құқықтық тетіктерін жетілдіруге мүдделі әр саланың мамандары қатысты.

БҚО Жергілікті полиция қызметі басқармасының бас инспекторы, полиция майоры Шынар Қапаева мәлім еткендей, биыл БҚО полиция департаментіне отбасындағы құқықбұзушылыққа қатысты 672 арыз-шағым түскен. Арыздардың 651-і әйел адамдар тарапынан болған. Сонымен қатар 1 314 тұлғаны қорғау туралы ұйғарым шығарылған. Оның 1 295-і ­– зардап шеккен әйелдерді қорғау туралы ұйғарымдар. Дегенмен, ұйғарымды орындамайтындар да бар. Биыл осы себеппен 51 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Көп жағдайда отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың орын алуына ішімдік ішу немесе жұмыссыздық себеп болады. Бұл орайда учаскелік полиция инспекторлары жұмыстануда. Биыл ішімдікке құмар, нашақор 205 азамат мәжбүрлі түрде облыстық мамандандырылған профилактикалық мекемесіне емделуге жолданды,  – дейді бас инспектор Шынар Даттыбайқызы.

Өткен жылы отбасылық қатынастарға байланысты алты қылмыс тіркелсе, биыл 11 қылмыс орын алған. Тағы бір назар аударарлық факт – зорлау оқиғаларының тыйылмай отырғаны. Ш.Қапаеваның сөзінше, биыл 24 зорлау фактісі тіркеліп үлгерген.

Отбасында зорлыққа ұшырағандарың паналайтын орны – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы. 2013 жылдан бастап жұмыс жасайтын орталық бүгінге дейін 125 әйел мен 180 балаға қол созып, жан-жақты көмек көрсетті. Биыл 30 адам орталықтың көмегін алды. 13 әйел қазір осында тұрып жатыр.  Мекеме директоры Талшынай Жүністің айтуынша, әйелдермен қатар ерлер де орталық көмегіне жүгінеді екен. Биыл екі ер адам мен балаларынан зәбір көрген бірнеше ана мекеме мамандарының көмегін алған.

Сегіз бағыт бойынша жәбірленушілерге көмек беретін орталықтың негізгі мақсаты – отбасын сақтап қалу. Осы бағытта мамандар құрбандармен қатар олардың жұбайларымен ата-аналарымен сөйлесіп, оң шешімге келуді мақсат тұтады. Ерлі-зайыптылардың татуласып, әйелдердің өз шаңырақтарына оралу жағдайлары көп. Қазіргі уақытта орталықты мекен етіп отырғандардың біреуі ғана ажырасқан.

Әйтсе де кәсіби психолог Райса Байдалиева бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғандармен, соның ішінде әйелдермен жүргізіліп жатқан жұмыстар мардымсыз екенін айтады. Оның айтуынша, жұмыстар бір жақты жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, отбасындағы зомбылықтың әсерінен дағдарысқа тап болған жанды қайтадан сол ортаға апару оның одан әрі зорлыққа ұшырауына немесе қайғылы жағдайдың да орын алуына әкелуі бек мүмкін.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық ерекше назар аударуды қажет етеді. Әсіресе қоғам тарапынан. Бірінші кезекте, сол отбасында өсіп келе жатқан балалардың жағдайы бейжай қалмауы керек. Дағдарысқа жауап берудің үш әдісі бар – күресу, қашу немесе қатып қалу. Менің алдыма келетін көптеген жандар осындай жанұядан шыққандар. Өкінішке орай, олар пайда болған проблемаларынан шығарға жол таба алмай жүргендер. Зомбылық құрбаны болған әйел жетелеуге мұқтаж. Сол себепті отбасына қайта қосудан бұрын, оның жағдайын толық түсініп, қолдау көрсетуіміз керек. Отбасы – құндылық, десек те жеке тұлға – ең басты құндылық екенін қаперге алғанымыз жөн.Отбасын сақтау мақсатымен өз өміріңді, балалардың тағдыру бұзуға жол беруге болмайды, – деген Райса Отарқызы өз тәжірибесі бойынша бірнеше мысалдарды айта келіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына айналған жандармен жұмыстануда бағдарды өзгерту қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ ол өңірде осы мәселемен жұмыстанатын психологтардың да санаулы екенін тілге тиек етіп, орталықтарда жұмыс жасайтын психолог мамандардың деңгейлерін көтеруді ұсынды.

Қиын өмір жағдайына түскен жас аналар «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығына сүйенеді. Қоғамдық қордың мақсаты – баланың жетімдер үйіне түспеуі үшін анасымен бірге болуына жағдай жасау, яғни әкесінің болуы міндетті емес. Ал анасының ішімдік құмар, баласының дүниеге келгенін қабылдамайтын әкеге бару-бармауы – басқа мәселе.

– Ер адам тарапынан физикалық зорлық әрекеттері орын алған отбасыға әйелді қайтаруға әрекет жасамаймыз. Олар біздің тарапымыздан барынша, қаржылық, психологиялық, құқықтық көмек алып, өздігінен өзін және баланы қамтамасыз ететіндей деңгейде кетеді. Қолдау шаралары мұнымен шектелмейді бір жыл немесе одан кейін де қызмет алушымен хабарласып, жағдайын біліп отырамыз, – деді «Ана үйінің» психологы Альфия Науанова. Сондай-ақ Альфия Елтайқызы «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігімен бірге отау құруға ниетті жастарға семинар-тренингтар жүргізу қолға алынғанын жеткізді. Бұл шара ажырасудың күрт көбеюін тоқтату үшін үйленетін жастарды арнайы тренингке қатыстыруды көздейді. Мақсат – екі жақты ересек өмірге дайындау, дауларды шешуге үйрету.

Расында, қазіргі уақытта ажырасушылардың қатары көбейді. Мемлекет неке бұзу жағдайларының соңғы жылдары артқанын айтып, дабыл қағуда. Сәйкесінше, соттарда отбасыны сақтау мақсатында пилоттық жобалар қолға алынды. Жоғары соттың бастамасымен «Сот төрелігінің жеті тасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылған «Отбасылық сот» жобасы – солардың бірі. Бұл жоба судьялардың отбасылық-неке дауларын қарау тәсілін өзгертті. №2 соттың судьясы Софья Ахмированың айтуынша, қазіргі уақытта осы санаттағы істерді қарауда отбасының – қоғам мен мемлекеттің ең басты құндылығы екені ескеріліп, одан кейін ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынасы бойынша заң аясында шешім шығару қарастырылады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында қалалық №2 сотқа некені бұзу туралы 1 800 талап арыз түскен. 585 арыз қанағаттандырылып, олардың некелері бұзылған. 107 іс медиация тәртібімен реттелсе, 137 іс талап арыздың кері қайтарылуына байланысты тоқтатылған. Яғни, алтамыш жобаны жүзеге асыруға ықпал етіп отырған психологтар мен қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлескен жұмыстар арқылы арызданған әр үшінші отбасы сақталды.

– Бұл жандарға отбасының бағасын түсініп, оны сақтау маңызды екенін жеткізе алдық деп санаймын.  Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Қазіргі жастардың көпшілігі отбасылық өмірге дайындықсыз келеді. Оған үлкендердің де кінәсі бар шығар?! Өйткені, 90  жылдардың шамасында дағдарысқа байланысты ата-аналар отбасының қамы үшін басым уақытын жұмысқа арнап, перзенттерінің тәрбиесіне көңіл бөле алмағанын мойындауымыз керек. Сол шақтың балалары қазір есейіп, отау құруда. Құрылған шаңырақтың бақытын, екі жақтың міндеттерін түсінбегендіктен, олар кез келген сынақты көтере алмай екі бөлек кетуге әзір тұрады. Сондықтан мектеп жасынан балаларға отбасының құндылығын жеткізуді қолға алғанымыз жөн. Мектепте, колледждерде құқықтық бағдарамалар жүргізу, отбасының құқығы мен міндеттері туралы ақпараттандыру, әлеуметтік роликтар арқылы саналарына оң әсер берудің мүмкіндігін қарастырған жөн,  – дейді С.Ахмирова.

Дегенмен, әр жұптың жағдайына жеке көңіл бөліп, қарау керек. Осы орайда адвокат Аруна Мұхтарова некені бұзу рәсімі кезінде әйел адамды қорғау мәселесіне көңіл аудару керектігін жеткізді. Яғни, сотқа талап арыз берілгеннен бастап сот процесі аяқталып, шешім шығарылған мерзімге дейін әйел адам қорғауда болуы тиіс.

– Неке бұзу ұзақ уақытқа созылатын жағдайлар болады. Мәселен, менің қорғауымдағы азаматшаның өтінішімен сотқа некені бұзу туралы талап арыз беріп, татуласуға уақыт белгілемеуді сұрадым. Дегенмен, сот үш ай мерзім белгілеп, татуласуға уақыт берді. Бұл қорғауымдағы азаматшаның бірінші рет сотқа жүгінуі емес. Бірінші жағдайда татуласып, отбасына қайта оралғанымен, бес жыл бойына қайтадан зорлық көрген. Тіптен ер азамат әйелін қорқыту мақсатымен өзіне қол жұмсамақ та болыпты. Әр осындай әрекеттерін үйде өсіп келе жатқан баланың көзінше жасайды екен. Бұл әйелге де, балаға да психологиялық соққы. Қазірдің өзінде олардың арасында татуласу жағдайы  жоқ. Ер азамат өзінің үйренген әдісімен әйелді қорқытуын жалғастыруда, – дейді ол.

Әйел адам ажырасу мақсатымен сотқа жүгінетін болса, оның нақты себебі бар екенін түсіну керек. Зомбылық әрекеттеріне әр әйел тап болуы ғажап емес. Көп жағдайда білімі бар әйелдер амалсыздан шыдап, қоғамның пікірін жан-жақты ой елегінен өткізіп, балалар үшін төзуім керек деген шешіммен отбасын таңдайтын көрінеді.

Жиынға қатысқан Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Махамбет Мұханғалиев отбасының бұзылуы ерлі-зайыптылардың өз міндеттерін орындамаудан туындайтынын айтып, себепті екі жақтан да іздеу қажеттігіне тоқталды. Ер адамның психологиялық жағдайға байланысты әйелге қол жұмсауы болатыны секілді, әйелдің қандай да бір кем-кетігі болуы ықтимал. Сол себепті отбасының ұйытқысы болатын қыз бала тәрбиесіне ерте жастан мән берген дұрыс. Нарколог дәрігер-психиатор Лидия Журавлева балалар тәрбиесінде бір-біріне сілтеушілік басым екенін айтады. Баланың тәрбиесі мен үлгерімін мектеп – ата-анаға, ата-ана – мектепке ысырады. Салдарынан баланы көше тәрбиелеп, ішімдік ішіп, темекі шегетін жастар көбейіп отыр.  Отбасындағы ерлі-зайыптылардың қатынасы қызу талқыланған басқосуды қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы қорытындылап, мүдделі органдармен, мамандармен бірелесе жұмыс жасау арқылы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру қажеттігін атап, зомбылық құрбаны болғандарға көмек көрсетудің құқықтық тетіктерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Отбасы институтын дамыту бағытында қалалық ішкі саясат бөлімімен бірге «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі жоспарлы шараларды жүзеге асыратын болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
33 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
125 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
348 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
835 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1213 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1124 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1572 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2187 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2354 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2360 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2412 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2414 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2041 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2895 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2949 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2944 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3526 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3514 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3491 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3652 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»