8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қаңтар 2019 1418 0
Қоғам

ҰЖЫМЫН БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН…

          Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай жандардың бірі, қарапайым ұстаздықтан ректорлыққа дейін көтеріліп, осы салада аттай қырық жылдай абыройлы еңбек етіп келе жатқан экономика ғылымының кандидаты, академиялық профессор, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешені ректорының міндетін атқарушы Гаухар Қайрлиеваны оралдықтар тәжірибелі маман, білікті басшы ретінде жақсы таниды.

Гаухар Ермекқалиқызы Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының құрамында. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Прокопенконың атынан рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталса, облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Алтай Көлгінов қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларға ғылыми қолдау көрсеткені үшін арнайы алғыс білдірді.

Кейіпкеріміз қаладағы №19 орта мектепті тәмамдаған соң Орал кооперативтік техникумына оқуға түседі. Әрі қарай білімін Мәскеу халықтар достығы орденді кооперативтік институтында жалғастырады. 1986 жылы аталмыш оқу орнын «Тауартану және азық-түлік емес тауар сатуды ұйымдастыру» мамандығы бойынша  аяқтап, 1987 жылы осы оқу орнының педагогика факультетін бітіреді. 2003 жылы Мәскеу университетінде «Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғайды.

Гаухар Ермекқалиқызы еңбек жолын 1981 жылы бастайды, педагогикалық тәжірибесі 30 жыл. 1997-2001 жылдары Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтында сырттай бөлімнің деканы болып қызмет атқарса, 2001-2010 жылдары «ҚазИИТУ»-дың экономика факультетінің деканы болды. 2010 жылы Экономика және ақпараттық технология колледжінің директоры болып бекітіледі. 2014-2017 жылдары «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің  халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстар бойынша проректоры қызметін абыроймен атқарды. Кейін 2016-2017 жылдары «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ректоры міндетін атқарушы болса, 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бері университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

Гаухар  Ермекқалиқызы университеттің дамуына, өркендеп кең қанат сермеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Соңғы бес жылда іскер жанның тынымсыз еңбегі нәтижесінде Мәскеу, Дубна, Самара, Тольятти қалаларының алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ғылыми байланыс орнықты. Ол жұмысты ғылыми қызметпен шебер байланыстыра біледі. Қазақстан мен Ресей Федерациясының оқу орындары арасында өткен халықаралық форум жұмыстарына белсенді қатысып келеді. Әрдайым педагогикалық шеберлігін дамытуға күш салады. Оның ғылыми мақалалары конференция жинақтарында,  Қазақстан мен Ресейдің мамандандырылған ғылыми журналдарында  жарияланып жүр. Сонымен бірге жан-жақты тұлға  «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК штаттан тыс оқытушысы саналады.

Тәжірибелі маманның әр жылдары атқарған елеулі еңбегі ескерусіз қалған емес. 2006 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын иеленсе,  2009 жылы «ҚР Білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2017 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. 2011, 2014 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясынан қайта даярлаудан өтті. 2012 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын иеленсе, 2012 жылы Түркияның Стамбул қаласында кәсіби және техникалық білімді дамыту бойынша білімін жетілдіріп қайтқан.

Иә, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, ұжым мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Гаухар Ермекқалиқызы өзі басқаратын ұжымды тек биік белестерге жетелеп келе жатқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан абыройлы жанның өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
46 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
264 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1065 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1493 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2109 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2276 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2282 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2331 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2337 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1980 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2816 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2873 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2866 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3476 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3448 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3434 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3412 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3576 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3622 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»