ЖЫЛЫЖАЙДА МАРИХУАНА ӨСІРГЕН ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ
БҚО Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде үй жағдайында марихуана өсіру үшін жылыжай ұйымдастырған 32 жасар Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлесінен конопляның 17 бұтағы мен 3 полиэтилен пакетке салынған жасыл-сұр түсті, спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 300-бабы 1 тармағы (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру) және осы кодекстің 296-бабы 2-тармағымен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
БҚО Полиция Департаментің есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығы, полиция майоры Әлішер Сарының сөзінше, жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 180 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның 57-сі қылмыс. Нақтырақ айтқанда, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға қатысты – 15 факті, есірткі заттарын қолдану үшін притон ұстау және ұйымдастыруға байланысты – 2 факті, есірткі контрабандасы бойынша – 9 факті, есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 18 фактісі анықталған.
Заңсыз айналымнан 81 келі есірткі және психотропты заттар алынған. Олардың 81 келі 531 гр. – марихуана, 10,66гр. – героин, 20,62391 гр. – апиын, 57,3921 гр – экстракциялы апиын және 100 гр.-нан жоғарысы синтетикалық есірткі.
Оқиға орнынан шам, жәшіктер мен басқа да дәйекті заттар алынған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу