ЖЫЛЫТУ ПЕШТЕРІН ҰРЛАҒАН
Қаңтар айы басталғалы Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бірнеше қылмыстарға тосқауыл болып, тіркелген қылмыстардың көпшілігін ізін суытпай ашты. Мысалы, КПб жедел уәкілдері 2020 жылғы 29 қаңтар күнгі кешкі сағат 18.00 мен 30 қаңтар күнгі сағат 10.00 аралығында салынып жатқан, құрылысы әлі бітпеген үйлердің пластик терезелерін сындырып, ішке еніп, ұрлыққа жол берген тұлғаларды анықтады.

Олар «Астана» ықшам ауданындағы бір үйден құрылыс заттарын, бұйымдарын және үй жылытатын көлемді пештерді ұрлау үстінде құрықталды. 1992 жылғы үй иесіне 210 мың теңге шығын келді. Қылмыстық топ құрамындағы 3 жігіт үш үйге ұрлыққа түскендерін толықтай мойындады. Олардың біреуі Алматы облысының тұрғыны, екеуі Орал қаласының тұрғындары екен. Бүгінгі күні жылыту пештерін ұрлағыш тұлғалардың бірі РУ 170/1 мекемесіне қамауға жабылды. Екі тұлғаның қолынан ешқайда кетпейтіні, қаладан еш жерге шықпайтыны туралы қолхат алынды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары екеуінің бұған дейін істі болғанын, бірінің сотталмағанын анықтады. Үш күдіктінің қолындағы ұрланған бұлтартпас айғақ заттар тәркіленді, қазіргі күні өз иелеріне қайтарылуда. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын да есептелуде.
Орал қ.ПБ ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөліміне сай 3 эпизодпен қылмыстық істі қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу