ЖЫЛҚЫЛАР ЗАҢДЫ ИЕЛЕРІНЕ КАРАНТИННЕН КЕЙІН ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Күні кеше әлеуметтік желілер арқылы Ақжайық ауданының Өлеңті ауылы аумағында бір мыңға тарта ұрланған жылқының табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ желі қолданушысы өз жылқыларын танығандардың барып алып кетуіне болатынын айтқан. Алайда, БҚО Полиция департаменті басқармасы осы мәселе туралы түсіндіріп, әзірге жылқылар сол орында күзетпен ұсталатынын мәлімдеп отыр.

Жедел-іздестіру шаралары барысында БҚО Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері мен Ақжайық ауданының полиция бөлімі облыс аумағында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады. Олар 1978, 1982, 1987 жылғы ағайындылар болып шықты.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы (Мал ұрлығы) 4-тармағымен 3 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты мекенжайынан тіркелмеген аңшылық және атыс қаруы, әр түрлі калибрлі патрондар, пышақ табылып отыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 287-бабы 3-тармағымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тергеу жүргізілуде.
Бұдан бөлек полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді анықтау жұмыстарымен айналысуда.
Полиция өкілдері қазір карантин режимі болғандықтан, азамттардан карантиндік талаптарды сақтап, полиция бөлімшелеріне келмеуді сұрап отыр. Бұған дейін жылқыларының ұрланғаны туралы түскен өтініштер бойынша анықтау жүргізіліп, егер осы табында ол жануарлар бар болса, заңды иелеріне карантин аяқталғаннан кейін қайтарылады.
– Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы осы іске қатысты жалған ақпарат таратылуда. Осы орайда төтенше жағдай кезеңінде жалған және көрінеу жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Әзірге сотқа дейінгі тергеу амалдары, тиісті тергеу шаралары жүргізілуде, бұған дейін түскен шағымдар бойынша табылған жылқылардың иелері анықталуда. Тергеу іс-әрекетін жүргізу үшін зардап шеккендерге полиция қызметкерлерінің өздері барады. Барлық жануарлар актіленген. Ақжайық аудандық полиция басқармасы жергілікті әкімдікпен бірге жануарларды күзету және жайылымға шығару ұйымдастырылуда, – дейді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу