ЖЫЛҚЫ ІЗДЕУГЕ ШЫҒЫП, АДАСЫП КЕТКЕН
БҚО ТЖД хабарлағандай, 31 жасар екі азамат елдімекеннен 20 шақырым қашықтықта табылған.

Кеше, 7 қаңтар күні сағат 11.00 шамасында 1989 жылғы екі азамат Сырым ауданы Аралтөбе ауылынан ВАЗ 21031 автокөлігімен жылқыларды іздеуге шыққан. Алайда, автокөліктері бұзылып, олар адасып кеткен.
Сағат 18.33-те БҚО Төтенше жағдайлар департаментіне олардың адасып кеткен туралы хабар түсіп, 4 қызметкер екі техникамен іздеуге шыққан. Іздестіру тобы оларды Аралтөбе ауылының оңтүстік-шығысынан 20 шақырымда далада тауып, Аралтөбе ауылына жеткізілді. Екеуі де медициналық көмекті қажет етпеген, құтқарушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Төтеншеліктер синоптиктердің болжамын мұқият тыңдап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы арнайы хабарламаларды ескеру қажеттігін еске салады. Егер ауа райының тұрақтылығы мен өз денсаулығына қатысты күмән туындаса, елдімекендерден, ал кейбір жағдайларда үйден кетпеу керек.
БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру және қоршаған табиғатты бақылау қажеттігін айтады. Қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалып, елдімекен шегінен шықпау керек. Ауыр және артық салмақтағы киім де жолда кедергі болады. Бейтаныс жерлерге бармау керек, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынын есте ұстау керек. Төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына құлақ асу маңызды.
Төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласыңыз.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу