«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлар жылының жабылу салтанаты өтті. Онлайн өткен іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев пен өңірімізді волонтерлар қатысып, үздіктері марапатталды. ⠀

Жыл аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есеге артқан. Волонтерлар жылының қорытындысы ретінде жарияланған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын иелену үшін еліміздің түкпір-түкпірі және шетелдерден 768 өтінім келіп түсіп, екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінен тәжірибелі қазылар алқасы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазын анықтады. Олардың қатарында қазақстандықтармен қатар ресейлік және қырғызстандық волонтерлар да бар.
⠀ Облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы байқау қорытындысы бойынша анықталған «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы және «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлеріне марапаттарын табыстады.⠀
Айта кетсек, «Үздік әлеуметтік көмекші» номинациясының иегері «Волонтеры солнечного Уральска» волонтерлік тобының жетекшісі Ғалия Беккужиева, «Төтенше жағдайды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Дулат Мақатов, «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Мадина Құспанова, «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» номинациясының жеңімпазы Санжар Әжімұрат, «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы Талғат Чудобаев, «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының жетекшісі Айболат Кұрымбаев, «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Хатико» жануарларға арналған баспананың жетекшісі Әсел Садықова, «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы «Біз біргеміз» волонтерлік тобының жетекшісі Айнұр Әліпқалиқызы республика бойынша үздік деп танылды.
Сонымен қатар қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жаны жомарт жандарды көтермелейтін дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығы Құдайберген Сұлтанияровқа табысталды.
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу