«ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын жүзеге асыру шеңберінде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлағандай, халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.
Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2020 жылғы 15 қараша сағат 09.00-ге дейін жалғасады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
бірінші – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру,
екінші – ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.
Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:
- «Үздік волонтерлік ұйым»
- «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»
- «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»
- «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»
- «Үздік әлеуметтік көмекші»
- «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»
- «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»
- «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»
- «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»
- «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»
- «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
- «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»
- «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»
- «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»
- «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»
- «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: ttps://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу