«ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2019» ПРЕМИЯСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы «Жомарт жүрек – 2019» премиясын ұйымдастыруда. Шараның мақсаты – белсенді азаматтар мен демеушілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді және кәсіпкерлерді туған жерін дамытуға үлес қосқандары үшін марапаттау.

Қатысуға өтінімді қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген заңды жеке тұлғалар, және сонымен қатар олармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсыну және қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім негіз болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың: төмендегі қызметтері қарастырылмайды:
- коммерциялық табыс табуға;
- ғибадат ғимраттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көретуге бағытталған қызметтері қаралмайды.
«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:
«Жыл меценаты» – Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін;
«Туған өлке» – Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет,білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін;
«Жүректен жүрекке» – Аз қамтылған, көп балалы, отбасыларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін;
«Әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін» – Денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында құрылыс, жөндеу, демеушілік көмек көрсету үшін;
«Жылдың қайырымды адамы» – Бұл номинация адамдарға түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін беріледі (Тек жеке тұлғалар үшін);
«Жылдың әлеуметтік – жауапты мекемесі» – Компанияның немесе ұйымның ірі қайырымдылық жобалары мен акцияларын жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізгені үшін және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік жасағаны үшін (Тек заңды тұлғалар үшін);
«Жылдың ҮЕҰ» – Ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін;
«Алтын Ұя» – Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыруды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін;
«Жыл азаматы» – Өңірде өмір сүруді жақсартуға бағытталған белсенді азаматтық ұстаным үшін;
«Жыл еріктісі» – Ерікті қызметке белсенді қатысқаны үшін;
«Батыл жүрек» – Өмірлерін құтқару кезінде батырлық іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін.
Құжаттар ағымдағы жылдың 12 қарашасына дейін Ж.Молдағалиев көш.,19-үй, 108-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефондары: 8(7112)93-35-49, 8-775-252-10-02 Гүлзия Ахметова.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу