8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2021 1790 0
Қоғам

ЖОЛДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТАЙҒАҚТЫҚТЫ ЖОЮ – ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғам өкілдерімен бірлесіп, 2021 жылдың 5-6 қаңтар аралығында «Атырау-Орал» автожолының 189-492 км (ЖПУ-40), «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» автожолының 0-213 км (ЖПУ-40, ЖПУ-41) бағытына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында аталған бағыттағы тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде  жүргізілмегендігі анықталды.

Сонымен қатар жол белгілеріндегі қарлы-мұздық шөгінділері және қисық-сызықты бағаналары күпсек қардан тазартылмаған. Көк тайғаққа қарсы материалдар шашылмаған.

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз мақсатында анықталған жою бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»