Жолдауды бірауздан мақұлдады
Бүгін, 5 қыркүйек, аптаның алғашқы күні облыстық мәслихаттың үлкен залында облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауын қолдау бойынша Батыс Қазақстан облыстық «AMANAT» активі өтті. Активке аумақтық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, облыстық,қалалық мәслихат депутаттары мен партия ардагерлері қатысты.
Жиында Ел Президентінің Жолдауына қоса, Қостанай облысындағы төтенше жағдайдың мәселелері де ой-талқысынан тыс қалмады.
Жолдауға үн қосқан батысқазақстандықтар қостанайлықтарға да көмек қолын созуға дайын екендіктерін айтты.
Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печати
Пікір үстеу