Жолдардың жұмысымен танысты
Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қала жолдарының ахуалын бақылап, жол құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті.
Қала әкімі алдымен Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Циолковский» аялдамасынан “Облыстық зағип және нашар көретін азаматтар қоғамына” дейінгі тротуар салу жұмыстарын қадағалады. Бұл жолдың жұмысына жауапты “Адал Арна” ЖШС мердігер мекемесінің басшысымен кездесіп, негізгі мәселерді талқылады.
Бұдан кейін жол жөндеу жұмыстары басталған Деркөл кентіндегі Сарыарқа шағын ауданына барды. Өткен жылы аталмыш шағын ауданның жалпы ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 6 көшесіне жол салынды. Биыл аталмыш жол құрылысына 1 млрд.теңге қаражат бөлініп, жол салу жұмыстары жалғаспақ.
Зашаған кентінің Айтқұлов көшесінде “Орал жолдары” ЖШС мердігер мекемесі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын қолға алса, «Ануш Құрылыс” ЖШС компаниясы Мұсағалиев, Дәуқара батыр көшелеріне ұзындығы 1208 метр жол салу жұмыстарын жүргізуде. Оларға шаһар басшысы жұмыстарды сапалы орындау қажеттігін міндеттеді.
Содан кейін Қамбар батыр, 6 мекенжайындағы аулаларға асфальт төсеу мен ұзындығы 1900 метр болатын арық жүйесінІң құрылыс жұмыстарын тексерді.
Сонымен қатар кентте “25-ші Чапаев дивизиясы” көшесін күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Жалпы ұзындығы – 700 метр. 2021 жылы асфальттің бірінші қабаты төселсе,
биыл аталан жоба бойынша жұмыстар аяқталады.
Қаладағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап шыққан шаһар басшысы жауапты мекеме басшылары мен мердігер ұйымдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.з
Өз тілшіміз
Версия для печати
Пікір үстеу