ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН КЕЗЕКШІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ
Ауа температурасының көтерілуімен, қар күрт еріп, кейбір ауыл-аудандардың облыс орталығына қатынасы қиындады. Әсіресе, жолаушылар Жәнібек, Сайхын бағыты жолында азап тартып келеді. Осы ретте БҚО әкімі Ғали Есқалиев «Қазавтожол» мекемесі және Жәнібек пен Бөкейордасы әкімдігіне жолдарда кезекшілік орнатуды тапсырды.

– Кезекшілер жолда қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсетуі қажет және көмек көрсету үшін қажетті техника бөлінуі тиіс. Бұл – республикалық маңызды жол. Сондықтан «Қазавтожол» мекемесі өз жауапкершілігін сезінуі керек. Әрине, аталған мәселе кеше пайда болмағанын бәріміз білеміз. Осы жолдарды жөндеуге мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлінді. Өкен жылы Қазталовқа дейінгі жол бөлігіне асфальт төсеу аяқталды. Ендігі кезек – екі ауданға жол тарту. «Қазавтожол» мекемесі «Қазталов-Жәнібек-Өнеге-Бисен-Сайхын» бағыты бойынша 147 шақырым жолды жөндеуге биыл кіріседі. Аталған жұмысқа 20 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Жұмыс мамыр айында басталады. Жөндеу тиісті деңгейде қадағалануы тиіс, – деді Ғали Есқалиев.
Сондай-ақ еріген қар суынан қауіп болуы мүмкін Бәйтерек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарының әкімдеріне Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қауіпті аймақтарды зерттеп, тиісті шарларды қолға алу тапсырылды. Дәл осындай жұмыс қала аумағында да жүгізілуі керек.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу