8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2020 1591 0
Қоғам

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА КЕМШІЛІК КӨП

Оралда 55 көшенің жолы салынуда. Олардың 33-і «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл басталған, қалғаны өткен жылдан ағымдағы жылға жалғасқан жобалар. Жол құрылысының сапалы болуы тапсырыс берушілердің ұдайы бақылауында. Кемшіліктер анықталса, мердігерлер дереу жұмысты тоқтатады және олқылықты түземейінше, жалғастыруға рұқсат берілмейді. 

Жол құрылысының сапалылығын бақылауда ұстау мақсатында Орал қаласы әкімдігі «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК өңірлік филиалымен келісім жасаған. Келісімшартқа сәйкес «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалы қала ішіндегі жүргізіліп жатқан жол құрылысы нысандарында лабораториялық тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жол инженерлерінің сөзінше, тексерілген сараптама қаладағы жол құрылыстары бойынша ақаулықтардың көп екенін көрсеткен.
Мәселен, А.Матросов көшесіне жол салуды «Казстройгарант» ЖШС жауапкершілігіне алған. Салынуы тиіс жолдың жалпы ұзындығы – 1050 метр. Сондай-ақ жобада ағынсулар үшін арық, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу да көзделген. Қазір құрылыс компаниясы жолдың алғашқы қабаты – құмды-қиыршықтасты қоспаны (ПГС) төсеген. Алайда, қиыршықтасы аз болғандықтан, бұл қоспа сапаға сай болмай шықты. Сол себепті мердігерлер бұл төсемді алып тастауы керек. Орнына сапалы қоспаны сатып алып, қайтадан төсеулері тиіс. Осы компания қаладағы Қ.Жұмалиев және А.Иманов көшелерінде де жол құрылысын бастаған. Дегенмен, А.Иманов көшесіндегі құрылыс жұмыстары қазір тоқтап тұр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары А.Даубаевтың айтуынша, мердігерлер бұл көшеде төсеген барлық инертті қабаттарды кері алып, жол қабатының тығыздық талабына сай талапқа сай нығыздап, тегістеп қайта төсеп, «Жол активтері ұлттық сапа орталығынан» оң қорытынды алған соң жұмыстарын жалғастырады.
Осындай олқылық А.Матросов көшесіндегі жол құрылысында да анықталып отыр. Аталған көшедегі жол құрылысын «ФИРМА ИСКОМ» ЖШС мамыр айында бастаған. Жалпы ұзындығы – 2500 метр. Жүргізілген сараптама құрылысқа қолданылып жатқан тротуардың жиектасы да, төселген қиыршықтастың да тығыздығы өте төмен екенін көрсетті. Сапасыз жиектас екі-үш жылдың ішінде үгітіліп кетуі әбден мүмкін, ал қиыршықтастар қазірдің өзінде сынып, жарылып үлгерген.
Басталмай-ақ тоқтатылған нысандарының бірі – Орынбор көшесіндегі жол құрылысы. «Шамшын» ЖШС мердігерлік компаниясы бұл нысандағы құрылысты жаяу жүргіншілер жолын салудан бастаған. Бірақ, орынды толық тазаламай, жиектастарды орнатып тастапты.
– Мердігерлер лабораториялық орталықтармен келісім жасап, әр материалды алу кезінде сапалылығы бойынша лабораториялық тексеруден өткізіп, қорытындысы оң болған жағдайда жеткізушілерден сатып алып, пайдалануы керек. Сондай-ақ әр қабатты төсеу кезінде де нығыздылығын тексертіп алғандары жөн. Көріп отырғанымыздай, мердігерлер материалдарды сатып алып, сапасын назарға алмай қолдануда. Бұл олардың кәсіби біліктіліктерінің, саладағы тәжірибелерінің жеткіліксіздігін көрсетеді, – дейді қалалық мәслихат депутаты, индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Тұрарбек Тілемісов.
Айта кету керек, құрылысты жүргізу кезінде сапалы материалдарды қолданбаған, анықталған ақаулықтарды жоймаған, яғни тапсырыс берушілердің талабын орындамаған мердігерлер лицензияларынан айырылуы әбден мүмкін.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»