ЖОЛ БИЛЕТТЕРІН АЛУДЫҢ БАЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛУДА
«Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттердің алдын ала сатылуына қатысты түсінік берді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 45 күн бұрын ерте алынатын жол билеттерінің тапшылығы туралы шағымдар көптеп түсуде. Көп жағдайда жолаушылар билеттерді түнгі сағат 24.00-ден кейін іздестіре бастайды. Алайда, 45 тәулік бұрын сатылатын жол жүру құжаттары сатылымға таңғы сағат 07.00-де шығатынын естеріңізге саламыз. Бұл уақыт қала маңы бағыттарына да тиесілі. EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында электронды билеттерді рәсімдеу технологиялық үзіліс кезінде, яғни таңғы сағат 04.50 мен 05.50 аралғында тоқтатылады», – делінген «Жолаушылар тасымылы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сонымен бірге, жолаушыларға жаңа қызмет – Күту парақшасы ұсынылады. Бұл қызмет Компанияға қарасты барша кассаларда жұмыс істейді. Керекті бағытта билет тапшы болған жағдайда жолаушы кассада күту парақшасына тіркелуі қажет. Айналымға билеттер түскен кезде жолаушының электронды поштасына хабарлама түседі. Жолаушы екі сағат ішінде сол билетті Компанияға қарасты кез келген кассадан сатып алуы керек. Алдағы уақытта Күту парақшасы қызметі электронды билет сататын сайттарға да енгізіледі.
«Ұлттық тасымалдаушы жол билеттерін тек ресми кассалар мен арнайы сайттарда да ғана рәсімдеуді ескертеді. Алыпсатарлардан сақ болуларыңызды сұраймыз», – дейді компания өкілдері.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу