ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ҚОЗҒАЛЫС БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
Оралдағы Мөңкеұлы көшесінің бойындағы жолда көлік қозғалысы бір бағытқа өзгертілді. Қалалық әкімдік пен БҚО ПД мамандарының хабарлауынша, аталмыш шара осы көшедегі жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін қолға алынған.

Айта кеткен жөн, облыста «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында үш күнде автобус жүргізушілерінің 271 құқықбұзушылыққа жол бергені анықталыпты. Зашаған кенті аумағындағы М.Мөңкеұлы көшесіндегі тынымбақ маңындағы автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдағы қозғалыс бір бағыттық болып өзгертілді. Осылайша бұл ауданда халықтың көптігі мен әлеуметтік нысандар оның ішінде емхана, мектеп-балабақша, сауда нысандары бір аумақта шоғырлануы себепті сақтық шаралары қолға алынып отыр. Қозғалыстың бір бағытқа өзгертілуін тұрғындар игі бастама деп санайды.
Облыста «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 56 жүргізуші бұрылу ережесін бұзған. Жеті жүргізуші жылдамдықты шектен тыс арттырса, 11-і техникалық байқаудан өтпеген. Сонымен қатар, автобус парктерінің лауазымды қызметкерлері де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер арасында тәртіпті нығайту мақсатында 20-22 қаңтар аралығында республика аумағында өткізілген «Автобус» іс-шарасы кезінде жергілікті орындарда бірлескен мобильді топтар құрылып, жұмыс істеді. Рейдтік тексерулер барысында жолаушыларды жасырын тасымалдаумен айналысқан 7 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 463-бабына сәйкес хаттама толтырылыпты.
Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін М.Мөңкеұлы көшесі бойында бірнеше ауыр деңгейдегі жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бірнеше адам оқиға орынында көз жұмған еді.
Рейдтік шаралар алдағы уақытта тағы да жалғасын табатын болады.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу