Жол апатынан 33 жасар азамат көз жұмды.
Кеше кешкі сағат 23: 50 – де «Самара-Шымкент» автожолында Подстепное ауылына қарай полиция бекетіне жетпей, мотоцикл және “Лада Калина” автоколігінің қатысуымен жол апаты орын алды. Жол көлік оқиғасы салдарынан 33 жасар мотоциклдің жүргізушісі ЖКО жерінде көз жұмды. 1977 жылы туылған жеңіл көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен және сүйек сынықтарымен ауруханаға жеткізілді.БҚО ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Айнара ИСА
Версия для печати
Пікір үстеу