8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Наурыз 2023 1868 0
Қалалықтар қаперіне

Жиында төрт мәселе қаралды

Наурыздың 2-сі күні БҚО әкімдігінде өңір басшысы  Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық, «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы, жол құрылысы мәселесі, әлеуметтік нысандар құрылысы және ауылдық елді-мекендерді ауыз сумен қамту туралы кеңейтілген  кеңес өтті. Жиынға басқарма басшылары, аудан әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы  Ернұр Өтегенов көктемгі су тасқынына дайындық барысы туралы, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев өңірдегі өткен жылы бой көтерген және үстіміздегі  жылы басталатын құрылыс нысандары жайында, облыстық жолаушылар тасымалы және автомобильдер жолдары басқармасының бастығы Айдар Менеев 2022 жылғы аяқталмай қалған жол құрылысының негізгі себептері жөнінде  баяндама жасады.

Жиын соңында өңір басшысы Нариман Төреғалиев бұрын болмаған құрылыстарды үнемі қадағалауда ұстап және су тасқынына әзірлікті күшейту бағытындағы жұмыстар бойынша аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Кеңейтілген кеңес туралы толық ақпаратты «Жайық үні» газетінің 10-нөмірінен оқи аласыздар.

Гүлжан Серікқызы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»