«ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» РУХАНИ ТҰҒЫРНАМАСЫ НАСИХАТТАЛУДА
Жуырда елордасы Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ республикалық Имамдар форумы өткен болатын. 500 имам қатысқан бұл ауқымды шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» секілді 3 құжат қабылдаған болатын.

Қазіргі таңда Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің имамдары «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Мешіт имамдары кездесулерде форумда қабылданған құжат «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына жан-жақты сипаттама беріп, құжаттың маңыздылығына тоқталуда. Күні бүгін тұғырнаманы кеңінен түсіндіру мақсатында қалалық мешіт имамдары Орал медресесінің шәкірттеріне, қалалық мешіт жамағатына, сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне мақалалар жариялап, радиоларға сұхбат берді.
Жалпы тұғырнама әрбір мұсылман адамның бойынан табылатын негізгі жеті қасиетті – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті және әділдікті қамтиды. Адамның бойында бұл қасиеттердің бірі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл құжат қазіргі уақытта керек дүние. Болашаққа жетелейтін бұл қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру – Ұлы дала халқының рухани жаңғыруына жол ашары сөзсіз.




Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу