ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖЕҢІСІ
Бокстан Шымкентте өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Даниял Сәбит 49 келіде ел чемпионы атанды. Ол финалдық сында бес дүркін ел чемпионы атанған Теміртас Жүсіповпен қолғап түйістіріп, тәжірибелі боксшыны ұтып кетті.

Ақмола облысының өкілі Теміртас Жүсіпов – 32 жаста. Ал Даниял Сәбит 18 жаста ғана. Әрі финалға шыққан спортшылардың ең жасы екенін атап өту керек. Үш раундтық бәсекеде төрешілердің бірауыздан шешімімен Даниял Сәбит Қазақстан чемпионы атанды.
«Қазақстан чемпионаты басталғанша жастар арасындағы оқу-жаттығу жиындарына қатыстым. Ең негізгі мақсатым – біріншілікте жүлдеге ілігу болатын. Чемпион боламын деп ойлаған жоқпын. Қуанышқа қарай, ақтық сында өте тәжірибелі спортшы Теміртас Жүсіповті жеңіп кеттім. Қуанышымда шек жоқ. Бапкерлердің нұсқауын орындау арқылы ұттым деп ойлаймын. Өйткені, қарсыласым қарымды әрі жасы да үлкен. Ара қашықтықты жақсы сезінеді. Бала кезімде өзімнің кумирім болған боксшы. Сондықтан, қазіргі сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Осы орайда, маған қолдау білдірген барша жанкүйерге, тума-туыстарыма және осы жарысқа жетелеп әкелген бапкерлеріме ерекше алғыс айтамын», – деген екен olympic.kz сайтына ересектер арасындағы алғашқы жеңісіне қатысты сұхбат берген Даниял Сәбит.
Даниял Сәбит – Ақжайық ауданы Алғабас ауылының тумасы. Орал қаласында оқыған. 2018 жылдан бері Орал қаласы Оқушылар сарайындағы Д.Елеусінов атындағы бокс орталығында жаттығып жүр. Жаттықтырушысы – Бокстан БҚО бойынша аға жаттықтырушы Саттар Сұлтанғалиев. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, спорттағы жеңісті жолының жалғаса беруін тілейміз.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу