ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ЖАЛДАУ ҚҰҚЫҒЫ САТЫЛАДЫ
Орал қалалық әкімдігі 2018 жылы 7 қараша күні 10.00-де Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, үлкен мәжіліс залы мекен-жайында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысына және жарнамалық объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді
Байқауда жалдау құқығын сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
| р/ | Құқықтан айыру түрі | Жер учаскесінің алаңы (га) | Нысаналы
Мақсаты |
Жер учаскесінің
орналасқан жер |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны | Жылдық жалға беру ақысы, теңге | Бастапқы құны, теңге | Кепілдік жарнасы |
| 1. |
3 жылға жалдау құқығы |
0,0100 | антенно-мачталық құрылғы орнату және оған қызмет көрсету үшін | Деркөл кенті, №17 және Оспан Батыр көшелерінің қиылысында | 218400 | 579 | 13104 | 656 |
| 2. |
3 жылға жалдау құқығы |
1,2500 | өндірістік база құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | Зачаганск кенті, Энтузиастов көшесі, 129-құрылыс | 34125000 | 72375 | 2047500 | 102375 |
| 3. |
3 жылға жалдау құқығы |
0,0002 |
ЖҚС стелла орнату үшін |
Х.Есенжанов көшесі, «Меркурий» ЖҚС ауданында | 5460 | 12 | 328 | 17 |
| 4. |
3 жылға жалдау құқығы |
0,0100 | антенно-мачталық құрылғы орнату және оған қызмет көрсету үшін | Согласия және Евразийская көшелерінің қиылысында | 273000 | 579 | 16380 | 819 |
| 5. |
3 жылға жалдау құқығы |
0,2500 | ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | Зачаганск кенті, Айтқұлов көшесі бойындағы жер учаскесі | 6825000 | 14475 | 409500 | 20475 |
| 6. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,0024 | сауда павильонын орнату үшін | Гагарин көшесі, 7А-құрылым | 52416 | 139 | 3145 | 158 |
| 7. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,0004 | жарнама нысаны орнату үшін (сити борд) | Зачаганск кенті, Жәңгір хан көшесі мен 25-ші Чапаев дивизиясы көшесі қиылысында | 10920 | 23 | 656 | 33 |
| 8. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,0192 | ғимарат құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | Круглоозерное кенті, Первомайская көшесі, 32-құрылым | 224640 | 1112 | 13479 | 674 |
| 9. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,0010 | жарнама нысаны орнату үшін (сити борд) | Зачаганск кенті, Жәңгір хан көшесі, ХҚКО ауданында | 27300 | 58 | 1638 | 82 |
| 10. | 3 жылға жалдау құқығы | 0,0100 | антенно-мачталық құрылғы орнату және оған қызмет көрсету үшін | Зачаганск кенті, Ақан сері көшесі бойында
|
273000 | 579 | 16380 | 819 |
| 11. | 3 жылға жалдау құқығы | 1,7891 | өндірістік база құрылысына және оған қызмет көрсету үшін | А.Иманов көшесі бойында | 39073944 | 103589 | 2344437 | 117222 |
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Орал қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті, барлық жер учаскелерінде ауыртпалықтар (шектеулер) жоқ. .
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты;
заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, Ашық әкімдігі, 7-үстел, анықтама үшін телефон: 8 (7112) 50-08-75.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу