«ЖЕМҚОРЛЫҚ БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚАЛДАП ШЫҒАТЫН КЕСЕЛ»
Сейітжан ҚОЙБАҚОВ, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі:

Жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Әйтпесе кеш болып қалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен алып мемлекеттер, ірі мемлекеттер құлағанын бәріміз білеміз, куә болдық» деген болатын. Әрине, біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың бар екенін жасыра алмаймыз. Қазақта «Ауруын жасырған ажалсыз өледі» деген бар. Мемлекет тарапынан жемқорлықтың жолын кесу мақсатында ауқымды жұмыстар жасалуда. Азаматтық ұйым өкілдері осыған үн қосып, көмек көрсетуіміз керек. «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысының мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде одан тұрақты түрде бас тартуды қалыптастыру мақсатында жұмыстанып келеміз.
Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңару» қозғалысы жанынан «Адал алаң», «қоғамдық сенім» бастамаларын қолға алып, жоспар жасап, соған сай жұмыстар жүргізудеміз. Мақсатымыз – ел астанасының адал қала болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу. Біздің қолға алған жобаларымыз өзге облыстарға таратылуда. «Жаңару» қозғалысының құрылғанына бес жыл ғана толды. Барлық аймақта филиалдарымыз бар. Бірақ, кейбір өңірлерде жұмыстың баяу екенін атап өтуіміз керек. Сондықтан әр өңір филиалдарының осындай бір жиында басқосуы жұмысты ілгерілету жолында тәжірибе алмасуымызға оң ықпалын тигізеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу