ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТТАР ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
12 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен Мәденеиет және өнер факультеті қызметкерлеріне «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.
Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және университеттің Мәденеиет және өнер факультетінің қызметкерлері қатысты.
Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.
Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
Версия для печати
Пікір үстеу