«Жемқорлыққа қарсы фронт» жобасы
Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық осы жылы өз жұмысын «Жемқорлыққа қарсы фронт» жаңа жобасымен бастаған болатын. Ол азаматтық қоғамның күшін біріктіруге бағытталған. Жобаны арнайы «омбудсмендер», «өзгерістер елшілері» және «комиссарлар» жүзеге асырады деген мақсат болған еді. Бүгінгі күнгі нәтижесі туралы Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғұлов толығырақ айтып берді.
– Біріншіден, жұмысты белсендіру және маңыздылығын арттыру үшін аталған жоба шеңберінде облыстарда AnticorrutionWeek шараларын өткізуді қолға алдық. Қазіргі уақытта аталған апталық бірнеше облыстарында өтті. Алдымен «жасырын сатып алушы» әдісімен өзгерістер елшілері мен комиссарлар мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталықтарда «делдардың» бар екендіктерін және ашық түрде заңсыз қызмет жасайтындықтарын анықтады. Көбінесе олар ақша үшін жүргізу кәуліктерін емтихансыз, оқусыз, керек категорияны алып беру, шетел азаматтарын тіркеу және оларға медициналық анықтамаларды алып беру секілді көмектерді көрсетіп отырған. Бұл бізге аталған салалаларда жемқорлық тәуекелдері бар екенін көрсетті, – дейді Төлеген Байғұлов.
Жалпы жасырын сатып алушы әдісімен 52 жемқорлық тәуекелдері анықталған. Комиссарлар анықтағандай, делдалдық қызметтің сомалары 70 мыңнан 120 мың теңгеге дейін болған. Сондықтан әр апталықтың қорытындысы, сәйкес сұрақтармен қоғамдық тыңдаулар мен жиындарда талқыланды. Әр кездесуге аталмыш органдардың басшылары мен өкілетті орган өкілдері қатысты. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында анықталған мәселелерді шешу үшін облыс әкімінің өзі қатысып, тиісті басшыларға бірқатар тапсырма берген. Қарағанды мен Жамбыл облысында Агенттікпен бірігіп апталық қорытындысы көшпелі брифингте жарияланған.
Айта кету керек, апталықтар шеңберінде көптеген мемлекеттік органдардың ғимараттарында Жемқорлыққа қарсы фронттың посттары орнатылды. Бүгінгі таңда 10 облыс орталықтары мен аудандарда 150 пост бар. Олар Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық бөлімшелерінде, оның ішінде мемлекеттік кірістер басқармаларында, кеден бекеттерінде, экономикалық тергеу қызметтерінде тұр. Сонымен қатар, посттар барлық әлеуметтік қорғау департаменттерінде ашылды. Жалпы қолға алынған профилактикалық жұмыстар нәтижесі тұрмыстық жемқорлықты 30-40% азайтуға мүмкіндік берген.
– Екіншіден, жемқорлыққа қарсы фронт жобасы шеңберінде түрлі салалардағы қоғамдық ұйымдардың 20 басшысы қосылған «A20 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы коалициясы» құрылды. Коалиция құрамына кәсіпкерлер, кәсіподақ, жастар, әйелдер, этномәдени ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары қосылды, – деді медиа-орталық төрағасы.
Әлбетте, әр ұйымның өз мақсаты мен міндеттері бар. Коалицияның негізгі мақсаты – жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мемлекеттік қызметтерді трансформациялау бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік аппарат пен қоғам арасында қарым-қатынасты жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көршілес елдерге консультациялар арқылы тәжірибені енгізу. Аталған коалиция жақын арада Агенттікпен меморандум жасасады. Сондай-ақ Төлеген Байғұлов түркітілдес мемлеккеттері кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабын құру жоспарланғанын мәлімдеді.
Жуырда Қырғызстандағы танымал қоғам өкілі шекаралас мемлекеттердің арасында бизнес климатты жақсарту және жемқорлықты азайту үшін арнайы алаң құруды ұсынды. Айтуынша осы алаң Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан сынды елдердің басын қосуы мүмкін. Ол Қазақстанда кәсіпкерлерді қорғау және инвесторларды сүйемелдеу жұмысына ерекше назар аударып, зерделеуге қызығушылық білдірді. Осы ұсыныстың негізінде біздің ұйым әріптестерімізбен бірге Түркітілдес мемлеккеттері кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабын құрамыз деп шештік. Хабқа Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрменстан, Әзірбайжан, Қазақстан кіретін болады, – деп баяндады Т.Байғұлов.
Аталған мемлекеттердің хаб құруының негізгі мақсаты – әр елдің өз тәжірибесімен бөлісу. Мысалы, 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің көрсеткіштері бойынша Түркия – 83, Әзірбайжан мен Қазақстан – 122, Қырғызстан – 135, Өзбекстан – 157, Түркіменстан – 167 орында. Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді автоматизациялау, этика жөнінде уәкілдер институты, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, инвесторларды сүйемелдеу бойынша айтары мен бөлісер тәжірибесі бар.
Версия для печати
Пікір үстеу