ЖЕКСЕНБІДЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРМЕЙДІ
Бүгін, 28 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 21 қаңтар 2021 жылғы № 2- БМСДҚ қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыда «Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 2-БМСДҚ қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ келесідей мазмұндағы азат жолымен толықтырылсын:
Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін қоғамдық көліктер жұмысы келесі жексенбі күндері: ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 7 ақпаны күні тоқтатылсын» делінген.
Айта кетейік, сейсенбі, 26 қаңтар күні коронавирусқа қарсы облыстық жедел штаб отырысында облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен SPA-орталықтардың, сауналардың, азық-түлік емес дүкендердің, спорттық нысандардың, базарлардың жұмыс жасамауына байланысты қоғамдық көліктің де қозғалысын алдағы екі жексенбіде (31 қаңтар, 7 ақпан) тоқтатуды ұсынған болатын.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу