Жедел кеңес өтті
БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Арыновтың төрағалығымен ағымдағы жылдың алты айлық қорытындысы бойынша тергеу, анықтау және жедел-криминалистика қызметінің жай-күйі туралы жедел кеңес өтті.
Кеңес барысында қылмыстық істерді тергеу кезінде жеткен жетістіктер мен жіберілген кемшіліктер талқыланып, аумақтық бөлініс басшыларының есебі тыңдалды. Полиция полковнигі Т.Арынов алдағы кезеңде тергеу жұмысын одан әрі жетілдіру бағытында барлық кешенді іс-шараларды қабылдау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, тергеудің сапасын арттыру, соның ішінде президенттің тапсырмасына сәйкес интернет арқылы жасалған алаяқтықтық және жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қатысты жасалған қылмыстарды тергеуді тиісті жолға қоюды тапсырды.
Жиын барысында 2023 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қылмыстарды ашу және қылмыстық істерді тергеуде оң нәтижелерге қол жеткізгендері үшін бірқатар қызметкерлер грамотамен және Алғыс хатпен марапатталса, бірқатарына ақшалай сыйақы беріліп, бұрын берілген жазалары шешілді. Жедел кеңес соңында полиция полковнигі Т.Арынов ІІМ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың 19 мамырында қолданысқа енгізілген «Тергеу әрекеттерін дыбыс-бейнежазба құралдарының көмегі арқылы жүргізіп, қысқаша хаттама толтыру» туралы азаматтардың игілігі үшін (азаптау, қатыгез адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қатынастардың алдын-алу мақсатында) жасалып жатырған Новелланы халыққа кеңінен жеткізу және тәжірибеде кеңінен қолдану туралы нұсқаулықтар берді.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу