Жеңілдікпен тасымалдау қағидалары талқыланды
Бүгін,қыркүйектің 4- де Орал қалалық әкімдігінің үлкен залында Орал қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, қалалық әкімдік аппаратының басшысының міндетін атқарушы Н.Дәуешов, кеңес мүшелері қатысты. Алдымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Каримов «Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері 650 теңгеден басталатынын баса айтып, оның тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу қажеттігін қоғамдық кеңес мүшелеріне ұсыныс жасап, белгіленген мөлшерлемені анықтап беруді өтінді. Бұдан соң Орал қалалық ТҮКШ мекемесінің сектор меңгерушісі Н.Сабфржанұлы Орал қалалық мәслихатының қаулысына сәйкес бала кезінен екінші топтағы менталды бұзушылықтары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды қала ішіндегі көліктерде тегін жол жүру тізіміне енгізуді, екінші топтағы мүгедектер мен Семей полигонынан зардап шеккендерге қоғамдық көлікте 50 пайыз жеңілдікпен жүруге ұсыныс жасады.
Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Қахарұлы қорытындылап, қаралған мәселелер бойынша жақын арада кеңес мүшелері нақты шешім қабылдайтынын жеткізді.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру