ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҒЫП, ТАҒЫ ДА ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН
Осыдан бір күн бұрын Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 4 көлікті қуып айдап кеткен, 2 көлікті айдап кетуге мүмкіндігі келмегесін, салон ішін тонаған күдіктіні ұстады. Ол қала ішінде кезекті көлік тонау барысында құрықталды.
Тәртіп сақшылары Бәйтерек ауданының 1994 жылғы А. есімді тұрғыны бұған дейін де 10, 15 көлікті айдап кету қылмысымен істі болып, жазасын өтеп шыққан тұлғаның қайтадан дәл осындай әрекетке барғанын айтты. Нақтырақ айтсақ, 17 шілдеде түнгі сағат 02.00-де қала орталығындағы бір көшенің ауласында тұрған «Ауди» маркалы көліктің есігін бұзып ашқан. Салондағы 38 мың теңгені және «Самсунг» маркалы ұялы телефонды, өзге де жеке мүліктерді ұрлап, оқиға орнынан тығылып үлгерген. Таңертеңгі сағат тоғызда есік алдына шықан көлік иесі темір тұлпарының қойған орнында жоқ екеніне көзі жетіп, полицияға шағымданды. Оған 68 мың теңге материалдық залал келді. Ұсталған күдікті ақшаны өз қажетіне жаратып, жойып жібергенін, көліктерді айдап кеткенін мойындады.
Қазіргі күні Орал қалалық Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабымен қылмыстық іс қозғады. Ұсталған күдіктінің 6 қылмыс жасағаны дәлелденіп, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. 6 эпизодты қылмыстық іс тергелуде.
Ал 4 көлік өз иелеріне берілді. Яғни, полиция қызметкерлері табылған автокөліктерді иелеріне кері қайтарды.
Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Версия для печати
Пікір үстеу