ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚАШҚАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ИТЕРМЕЛЕЙДІ
19 ақпан күні «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-насихат штаб мүшелері БҚО полиция департаменті Патрульдік полиция батальоны жеке құрамымен кездесу өткізді.

Іс-шараға «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Ә.Ө.Салиева, ақпараттық-насихат штаб мүшесі М.Т.Әнесов, Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысты.
Ә.Ө.Салиева «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін түсіндірді.
Облыстық Штабтың мүшесі М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысушыларға Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар автокөліктің алдында отыратын жолаушының қауіпсіздік белдігін тақпауына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартумен байланысты туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекеліне тоқталды. Тәжірибеде, жүргізушілер жауапкершіліктен қашу үшін полиция қызметкерлерін жемқорлыққа итермелейді.
Қатысушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу