ЖАСЫЛЕЛДІКТЕР ДЕРКӨЛДЕГІ САЯБАҚТЫ ЖАНДАНДЫРДЫ
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 16-шы маусымды қорытындылады. Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек жасағы қатарында 1175 сарбаз қызмет атқарған. Жасылелдіктердің 460-ы облыс орталығын көгалдандыруға атсалысты. Соның ішінде Деркөл кентіндегі орталық саябақты абаттандыруға ерекше үлес қосқандарын атап өту керек. «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасақтары» облыстық штабының бұл саябақты жандандыру бағытындағы жоспарлары да ауқымды.

Бұл саябақтың жалпы аумағы 6 гектарды құрайды. Бір ай бойы «Жасыл елдің» 175 сарбазы осы саябақта тазалық жұмысын жүргізген. Қураған және құлаған ағаштар мен қоқыс қалдықтары жиналып, жалпы 15 камаздың көлемінде қалдық шығарылған. Саябақ аумағындағы ойын құрылғылары сырланып, ағаш түптері әктеліп, эстетикалық күйі қалыпқа келтірілген. Сондай-ақ осы саябақ аумағында орналасқан қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорттық алаңының резеңке жабыны жаңартылып, пайдалануға беріліп отыр.
Аталған саябақ негізінен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар» мәдениет үйінің теңгерімінде. Қазіргі уақытта Деркөл кенті әкімдігінің теңгеріміне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте үкіметтік емес ұйым ретінде «Жасыл ел» өңірлік штабы жасылелдіктердің күшімен осы саябақты көркейтуге өз ықыластарын білдіруде.
– Саябақта жасап жатқан жұмыстарымызды жергілікті азаматтар көріп-бақылап жүр. Солардың бірі Сергей Грецанов есімді жергілікті меценат өз қаражатына террассалық дамалатын орын салу жобасын ұсынып отыр. Сондай-ақ балалар ойын алаңы, сахна, сырғанақ жасау жөнінде де ұсынысымен бөлісті. Осы саябақ аумағында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорттық алаңы пайдалануға берілді. Сол алаңда жасылелдіктер мен жергілікті жастардың арасында жолдастық кездесулер ұйымдастырып жүрміз. Мақсатымыз – жастарды бір арнаға шоғырландырып, болашақта қатарымызға қосу. Қазір өздері белсенділік танытып эко-волонтер ретінде тазалықты сақтауға үлес қосуда. Сондай-ақ жасөспірімдерге арналған жаттығу аймағы, үлкендерге арналған шахмат, дойбы ойынына арналған орын жасамақ ойымыз бар, – дейді Аслан Тапишев.
Сондай-ақ саябақ төрінде «Жасыл ел» жеміс бағы жайқалмақ. Алғашқы жеміс ағашы көшеттерін түптендіруге қатысқан қала әкімі Абат Шыныбеков сарбаздардың қаланы көркейтуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
– «Жасыл ел» қатарындағы сарбаздар күрделі жағдайға қарамастан, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерімен туған қаламыздың гүлденуі жолында еңбек етуде. Олардың атқарған еңбектерінің нәтижесінде саябақтарымыз ажарланып, гүлзарларымыз көркейді. Еңбек жасақтарының сарбаздары барша жастарға үлгі болып келеді. 15 жылдық тарихы бар «Жасыл ел» қозғалысы өзінің орны бар екенін көрсетті. Биылғы еңбек маусымының ашылуында «жасылелдіктердің қаланың белгілі бір бөлігінде ізі қалатындай, әрі келер жылдың сарбаздары жалғастыратындай іс жасауы» туралы ұсыныс айтқан едім. Сол ұсынысты қабыл алғандарыңыз және жеті жылдан кейін кенттік округ мәртебесін алған Деркөл кентіне көңіл аударғандарыңыз қуантты. Бұл саябақта әрине қалалық құрылымдық бөлімшелер мен жылына бір мәрте тұрғындардың қатысуымен сенбіліктер өткізілуде. Десек те ұзақ уақыт бойы тұрғындардың жайлы демалысын ұйымдастыруда кемшіліктер болғаны рас, – деген Абат Абайұлы саябақты қайта түлетуде қолтаңбаларын қалдырған жастарға ризашылығын айтып, жасылелдіктердің игі істері жалғасын табарына сенім білдірді.
Жақсы бастамаға қол ұшын созуға ниеттілер де көбеюде. Мәселен, Рамазан айында «Ел құдығы» жобасын бастаған еріктілер осы саябақта құдық соғып бермек. Бұл саябақтағы ескі құдықты қалыпқа келтіру мүмкін емес, құбырлары да тозып кеткен. Жобаны жүзеге асырушы еріктілер Әсет Сұлтанұлы мен Талғат Чудобаев бұл ретте инженер-мамандармен кездесіп, жердің картасы арқылы қазу орнын анықтауда.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу