8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2021 1360 0
Өзек

ЖАСТАРДЫҢ ЖАНЖАЛЫ КІСІ ӨЛІМІМЕН АЯҚТАЛДЫ

Оқиға 6-шы ақпан түнде Х.Доспанова көшесі 58 А-мекенжайында орналасқан үйдің кіреберісінде болған.

Шамамен түнгі сағат 00.02-де полицияға хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тұрмыстық жағдайда арақ ішуден кейін белгісіз адамның Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынына көптеген пышақ жарақатын салғанын анықтады. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында жедел жәрдем жетпей көз жұмған. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтың мәліметінше күдікті бұдан бұрын да бірнеше рет бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылыпты.

– Ол полиция назарына 2015 жылдан бері ілігіп, қоғамдық орында арақ ішкені үшін де әкімшілік жазаны өтеген. Оның іс-әрекетінен тағы екі жас жігіт зардап шегіп, облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде,– деді Болатбек Еркебұланұлы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 00.17-де шақырылып, төрт бригада барды. Бір адам жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды. 30 және 23 жастағы жігіттер пышақ жарақатынан зардап шекті. 20 жастағы тағы бір жігіт екі көзінен химиялық күйік жарақатын алған.

Айнара Иса,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»