«ЖАСТАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ҚИНАЛЫП ЖҮР»
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековпен болған кездесуде қала жастары жұмыссыздық мәселесін көтерді. Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын белсенді жас оралдықтармен кездесу табиғат аясында ұйымдастырылды.
Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған бейресми форматтағы кездесуде жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйткілдер қозғалды. Шаһар басшысы жастардың сауалдарына жауап беріп, қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды мәлім етті.
Белсенді жас әрі пікірсайысшы Ақерке Шайхы қала жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесін қозғап, шешу жолдарын ұсынды.
– Жастар тұрақты жұмыстың жоқтығынан қиналып жүр. Осы мәселені шешуде менің ойымша, біздің қаланың артықшылығы бар. Өйткені Орал – ең ірі трансұлттық корпорациясы бар қаланың бірі. Ол – «ҚПО б.в.». Бүгінгі таңда ірі мұнай компаниялары «Жас өркен», «Ізбасар» сынды жобаларды жүзеге асыруда. Мен де сол жобалардың біріне қатысудамын. Түйіндемені компаниялардың пошталарына жолдап қойып, жауабын күтіп отыру нәтижелі емес. Жергілікті биліктің «ҚПО» компанияларымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімшартында өңірдің жастарын жұмыспен қамту үшін байқаулар ұйымдастыру туралы тармақ көрсетілсе деймін. Бұл байқау арқылы үміткерлердің түйіндемелерін қараумен шектелмей, эссе жаздыру, тіл білу деңгейін тексеру, басшылық дағдыларын қарау арқылы өздеріндегі бос орындарға жұмысқа қабылдайтын болады. Осылай жұмыссыздықпен күресе аламыз, – дейді Ақерке Шайхы.
Осы ойды жалғаған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Дулат Мақатов оқу бітірген жас мамандардың мемлекеттік «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында шетелдік немесе өңірдегі басқа да ірі компаниялардаа жұмыс жасауына келісім алуды ұсынды. Осы бағдарлама арқылы өзін көрсете алған жас сол ұйымда тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алар еді.
Абат Абайұлы бүгінде көпшілік жасаған еңбегіне күнделікті табысын алуға бейімделіп алғанын, жұмысты да осы бағытта – шиномонтаж, көлік жуу орындарынан іздейтінін айтты. Коммуналдық ұйымдарда тұрақты жасауға бос орындар болғанымен, жұмыспен қамту орталығы бос орындарды ұсынғанымен 15 күнде немесе айына бір рет жалақы алатын жұмысқа кейбірі келісе бермейтін көрінеді. Ал Ақерке Шайхы келтірген ҚПО-б.в.мен бірлесе жастарды жұмысқа орналастыру механизмі бойынша компанияға ұсыныс жолданбақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру

Пікір үстеу